Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра

«Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының арнайы әлеуметтік тапсырысы аясында ұлттық өнерді кеңінен насихаттау мақсатында «Отбасы бақыты» атты коворкинг орталығы ұйымдастырып, жастармен бірнеше тағылымды шара өткізді. Онда жас өскелең ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру және бабалардан мирас болып келе жатқан әдет-ғұрыптарды насихаттау басты мақсат етілді.

Еркін әңгіме түрінде өрбіген сұхбаттасу алаңы алдымен Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ұйымдастырылды. Шараны «Әдебиет және өнер» музейінің ғылыми қызметкері Нұрболат Әлменов жүргізіп отырды.
Кештің тартымды өтуі еркін пікір алмасу, ой бөлісу арқылы өрбіді. Осылай студент жастармен емен-жарқын ойлар ортаға салынды. Жастарға «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл рухани жаңғыру тақырыбында әңгіме айтып берді.
«Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» тақырыбында көнеден қалған салт-дәстүрлер бойынша осы саланың кәнігі мамандарының шеберлік сыныптары көрсетілімі ұсынылды. Ұлттық өнердің көнеден келе жатқан дәстүрлері жөнінде «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар байқауының қатысушысы, Ақмола облысының жас ұстаздары байқауының «Алтын қол» аталымы бойынша лауреаты, қолөнер шебері, ұстаз Алмасбек Бекзан жан-жақты әңгімеледі.
Жас ұстаз Алмасбек Бекзан бұрнағы жылы рухани жаңғыру тақырыбында өзінің төл туындысы – күміс әшекей әбзелмен безендірілген, қазақ батырының қару-жарағымен жарақтандырылған сәйгүлікті темір мен ағаштан жасап шығарған болатын. Бұл қазақы тұлпар бірнеше көрмелерге қойылып, арнайы жүлделер де алған-ды.
Дәл осындай кездесу кеші Біржан сал атындағы музыкалық колледжде де өтті. Зал толы жастар қолөнершінің ағаш бұйымдарына назар аударды. Сұхбаттасу алаңында ұлттық құндылықтар, отбасы мәселелері кеңінен әңгіме өзегіне айналды. Елін сүю – отбасынан басталатынын сөз алған шешендер де тілге тиек етті.
Ал, «Бақытты отбасы» коворкинг орталығының кезекті кездесуі Көкшетау қалалық кітапханасында ұйымдастырылды. Атауы айтып тұрғандай, бақытты отбасын құру, ата-анадан ұлағат болар өнегені дәріптеу туралы әңгімелер де кітапхана оқырмандарын қызықтырмай қалмады.
Бұл жолы көкшетаулық «Шебер апа» атанған қолөнер шебері, ардагер ұстаз Кенжебай Смағұлқызы ісмерлік өнердің тереңіне үңіліп, оның қыр-сырын әңгімеледі.
Қазір жастар арасында қасиетті некені бұзу көріністері жиі байқалып жүр. Отбасының бақыты мен ынтымағы екі жастың рухани қазынасымен өлшенетіні еш жасырын емес. Барлығын байлықпен есептеп кеткен мына заманда ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, оның сырлы әлемін жастардың жүрегіне құйсақ, өзінің туған ұясын қастерлейтін ұрпақтың өсіп шығатынына шек келтірмесек керек. «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған осы шаралар жастардың бойында жақсы қасиеттерді орнықтыруға игі ықпалын тигізеді деген үміттеміз.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар