Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дарынды бала назарда болсын - АРҚА АЖАРЫ

Дарынды бала назарда болсын

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы облыстық мектеп-интернаттарында болып, оқушылардың

тәлім-тәрбие алудағы жағдайларымен таныс-ты, білім сапасын арттыруда бірқатар тапсырмалар берді.

Дарынды балаларға арналған №3 мектеп-интернатында облыстың әр өңірінен келген балалар білім алуда. Мектепте балалардың жан-жақты сапалы білім алуына ең озық педагогикалық әдістер қолданылуда. Осының арқасында оқушылардың білім сапасы да арта түсуде. Оқушыларға арналған жатақхана бар. Балалар сабақтан тыс уақытта сыныптан тыс шараларға белсенді қатысады.
Осы орайда, облыс әкімі Ермек Маржықпаев шағын кешенді мектептердің санын азайту мақсатында ауылдық
елді мекендердегі оқушылардың сапалы білім алуы үшін аудан орталықтарында осындай мектеп-интернаттарын салу мәселесін қарастыруды тапсырды.
– Шағын кешенді мектептерде бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ береді. Ауыл балалары барып оқитын аудан орталықтарында осындай мектеп-интернаттарын салу мәселесін қарастыруды тапсырдым. Бұл білім деңгейін көтеруге мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі.
Жалпы, дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында жағдай ойдағыдай болса, есту кемістігі бар балаларға арналған №4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында біраз жұмыс істеуге тура келеді.
Облыстық білім басқармасының басшылығына ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кешеуілдеп қалған балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатына қосымша жаңа корпусты салудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу тапсырылды. Мұнда аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған арнайы кабинет ашу жоспарда бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында мүмкіндігі шектеулі бала тәрибиелеп отырған отбасына ерекше көңіл бөлу керектігін атап өткен еді. Бүгінгі күні ресми статистика деректеріне сүйенетін болсақ, 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепке алынған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар