Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Теңге тарихы – тәуелсіздік тарихы - АРҚА АЖАРЫ

Теңге тарихы – тәуелсіздік тарихы

2019 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – теңгенің енгізілгеніне 26 жыл толады. Меншікті ақша бірлігін енгізу – тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді және нарықтық қатынастарды құру және жас егеменді мемлекеттің экономикасын одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Теңгенің ресми тарихы Қазақстан Рес-публикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығымен басталды. Жарлыққа сәйкес кеңес рублін ұлттық валютаға айырбастау 1993 жылғы 15 қарашада таңертеңгі 8-де басталды, ал 1993 жылғы 18 қарашада теңге Қазақстандағы жалғыз заңды төлем құралына айналды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері халық пен кәсіпорындар тапсырған кеңес рубльдерін жинау, өңдеу және қайта есептеу бойынша қысқа мерзімде үлкен жұмыс атқарды. Біздің өңірде бұл жауапты істі А.Оспановтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Көкшетау облыстық басқармасы тыңғылықты атқарғанын ерекше атап өткен жөн.
Ақша айырбастау Үкімет пен Ұлттық Банкке жүктелген кең көлемді жұмыстың бастауы ғана еді. Бұл реформаның басты мақсаты – өндірістің құлдырауы және инфляцияның өсуі жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен конвертациялануын қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі таңда теңге – бұл тұрақты валюта ретінде ғана емес, сонымен қатар ерекше дизайнымен және авангардтық қауіпсіздік элементтерімен бүкіл әлем мойындаған Қазақстанның толыққанды ақша бірлігі. Бұған түрлі беделді халықаралық көрмелер мен байқауларда біздің банкноттарымыз бен монеталарымызға берілген көптеген марапаттар мен сыйлықтар дәлел бола алады.
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі елдің дамуының өткен кезеңі Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсуге қол жеткізудегі таңдауының дұрыстығы мен тарихи маңыздылығын көрсетеді. Теңгенің енгізілуі Қазақстанға ұлттық нарықтың инфрақұрылымын құру үшін алғашқы және қажетті қадамдарды жасауға мүмкіндік берді. Ел басшылығы таңдаған дұрыс бағыттың арқасында, еліміздің экономикалық жаңғырту жолымен алға жылжуының ірі жетістіктері бүкіл әлемде жоғары бағаланады және мойындалады. Бүгінгі күні қаржы жүйесін және оның банк секторын дамыту міндеттері сәтті шешілуде.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының банк секторында екінші деңгейдегі банктердің 16 филиалы, «Қазпошта» АҚ Көкшетау филиалы, 92 валюта айырбастау пункті және 1 микроқаржы ұйымы бар.
Облыстағы банктердегі депозиттердің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,4 пайызға өсіп, 161,2 миллиард теңгені құрады. Тұтастай алғанда, бұл өсу теңгедегі депозиттер санының артуымен байланысты болды және біздің экономикамызды долларсыздандыру бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Ағымдағы қолайлы жағдайлар және жағымды макроэкономикалық болжамдар банктік несиелік қызметті қалпына келтіруге негіз болды. Банктердің экономикаға несиелік инвестицияларының жалпы көлемі 203,5 миллиард теңгені құрады. 2019 жылдың өткен кезеңінде облыс банктері 137,9 миллиард теңге сомасында несие берді. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға артық. Ипотекалық кредиттеу саласындағы оң динамиканы ерекше атап өткіміз келеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда несие беру 37 пайызға өсті. Бұл, ең алдымен, «7-20-25» бағдарламасының іске қосылуымен байланысты екендігін атап көрсету керек.
Ағымдағы жылы Ақмола облысы тұрғындарынан екінші деңгейдегі банктер 5940,4 миллион теңге сомасына 651 өтініш қабылдады. Мұның ішінде тұрғын үй сатып алуға 4225,0 миллион теңге сомасына 468 өтініш мақұлданды. Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының бірінші бағытын іске асыру аясында, 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, екінші деңгейдегі банк-терде және микроқаржы ұйымдарында жекелеген санаттағы азаматтардың кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша төлемдер жүргізілді.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік қолдау халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына бағытталған және қиын өмірлік жағдайға тап болған және 300 мың теңге өтемақымен 3 миллион теңгеге дейін кепілсіз тұтынушылық қарызы бар барлық қарыз алушылардың 98,4 пайызы қамтылды. 2019 жылы Ақмола облысының банктері мен микроқаржы ұйымдары 2022 миллион теңге сомасындағы негізгі қарыз және сыйақы бойынша қарызды төледі.
Сонымен бірге, қазіргі жағдайды ескере отырып, біздің мемлекетіміздің қаржы нарығының тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажеттілігі туындады.
Мемлекет басшысы Ұлттық Банк құрылымынан шығару арқылы жаңа қаржылық реттеушіні – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін құруды ұйғарды.
Қайта құру аясында Ұлттық Банк жаңа қаржы реттеушісіне қаржы нарығын реттеу мен дамыту мәселелерін шешуге, қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеуге, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдауға, қаржылық тұрақтылықты сақтауға, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, тұтынушыларға ұйымдардың қызметі және олар ұсынатын қызметтер туралы толық ақпаратқа қол жеткізуге, сондай-ақ, халықтың қаржылық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған бірқатар өкілеттіктер мен функцияларды береді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады, есеп береді және өз қызметін 2020 жылдың қаңтарынан бастайды.
Бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өз қызметін ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруға және инфляцияны бақылау жөніндегі шараларды іске асыруға бағыттауға мүмкіндік береді. Қорытындылай айтсақ, осы біршама қысқа тарихи кезеңде Қазақстан табысты экономика мен тұрақты қаржы жүйесін құруда үлкен жұмыстар атқарды. Ел басшылығының жан-жақты таразыланған және ойластырылған саясатының және Ұлттық Банктің экономика мен оның қаржы секторындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жүзеге асырған шаралардың арқасында, теңге, мемлекетіміздің гүлденуіне және өркендеуіне өз үлесін қосатын, әрқашан халықтың игілігіне қызмет ететін тұрақты және жаһандық жалпы әлем мойындаған ақша бірлігі ретінде сақталды.

Виталий Чеусов,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақмола филиалының директоры

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар