Тұрмыс-салт дәстүрлері
Күн санау. Қазақ халқы күн санауды сенбіден бастаған. 7 күн бір жұма деп аталады. Жұманың әр күннің өзіндік тәрбиелік мәні бар. Сәрсенбі күні – сәтті күн. Бұл күні жақсы киініп, үлкен кішіпейілділікпен өмірден өткендерге дұға қылып, құран бағыштайды. Жұманың жеті күні – сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі.
Ай санау. Бір жылда 12 ай бар, «ай санау» ертеден келе жатқан дәстүр. Әрбір айдың аты табиғаттың құбылысына, адамдардың түсінігіне байланысты аталған. Далалық білімді адамдар айлардың шаруашылыққа, тұрмыс қажеттілігіне астрологиялық тұрғыдан айрықша маңызы бар деп есептеген. Астрономиялық мәні бойынша әрбір айдың өзіндік климаттық ерекшелігі бар. Бұл құбылыс «ай амалдары» не «амал» деп аталған. Халық арасында кейбір есепшілер ай өзгерістерін есептеп, болатын өзгерістерді шығарып отырған. Қазақ халқында ай санау (жыл басы) наурыз айынан басталады. Халық әр айға сәйкес ұлттық ұғымдар, наным-сенімдер, мақал-мәтелдер қалдырған. Мысалы, «сәуір болмай – тәуір болмас», «қараша – қауыс, кәрі-құртаңды тауыс», «күн қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым ұзарады», «сүмбіле туса – су сиыр», т.б.