Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық пысықталды - АРҚА АЖАРЫ

Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық пысықталды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Көкшетауға жұмыс сапарымен келіп,

2020 жылы қалада өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап көрді, маңызды шараға дайындық жұмыстарын пысықтады. Вице-премьердің қалаға сапары кезінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды.

Бүгінде облыс орталығында салынып жатқан «Болашақ» сарайы алдағы жылы өтетін форумның басты нысаны болады деп жоспарланып отыр. Құны 6,5 миллиард теңге болатын бұл жоба 2020 жылдың қыркүйек-қазан айларына қарай аяқталуы тиіс. «Болашақ» сарайының құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан бас мердігер компания «BI Civil Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Жалпы аумағы 7 мың шаршы метр болатын ғимараттың қазіргі таңда іргесі қалануда. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан интеллектуалдық даму және спорттық зоналар секілді екі блоктан тұратын болады.

Осы орайда, вице-премьер Роман Скляр Қазақстан мен Ресей арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумының еліміз үшін маңыздылығын айта келе, барлық нысандарды форумға дейін салып бітіруді тапсырды. Сонымен қатар, ол ғимараттар шара біткесін де қаңырап қалмай, тұрақты пайдаланылуы керектігін, бұл мәселеге Мемлекет басшысы баса назар аударып отырғанын ескертіп, Үкімет өз тарапынан барынша қолдау көрсететінін жеткізді. Сонымен қатар, бұл күні вице-премьерге облыс орталығында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының, жаңа мейрамхана құрылысының жоспары да таныстырылды.

Вице-премьер Қопа көлінің жағалауын бойлай салынып жатқан автомобиль жолының құрылысын көріп, барлық жұмыстардың сапалы орындалуы қадағалануы тиістігін айтты. Бұл жобаны «Көкшетауавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске асыруда. Қылшақты өзені арқылы уақытша жолға құм төселіп, бетон плиталармен бекітілген. Жақын күндері көпір салуға қажетті бөренелер әкелінеді деп күтіліп отырғанын айтты мердігер компания өкілдері. Жол бойында жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолын салу, оның барлығын жарықдиодты шамдармен екі жақтан жарықтандыру жоспарда бар. Алдағы уақытта осы маңда 2400 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша бой көтереді. Жаңадан 19 тұрғын үй кешенін салу да көзделіп отыр.

Іссапар соңында Премьер-министрдің орынбасары Көкшетауда жаңадан салынып жатқан Православ шіркеуінің құрылыс алаңында, «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде болды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар