Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президент белгілеген міндеттер ойдағыдай орындалуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Президент белгілеген міндеттер ойдағыдай орындалуы тиіс

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың

Ақмола облысына жұмыс сапарының қорытындысы шығарылып, осы бағытта жүзеге асырылуға тиісті нақтылы міндеттер белгіленді. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің 17-ші өңіраралық әріптестік форумына дайындық жұмыстары пысықталды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, Көкшетау қаласының әкімі, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кеңесте облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңесте алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша нақтылы тапсырмалар жүктеді.
Ермек Маржықпаев облыс орталығын, Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту, Нұр-Сұлтан қаласының айналысынан азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасын орындау, астаналық елді мекендерді газдандыру, инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті жандандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, егістік алқаптарын игерумен айналыспайтын латифундистерден жерді қайтарып алу, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін шешу, Елбасының ұзақ мерзімді Стратегиясын, Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасарлары өз салалары бойынша жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, облыс басшысы жиналғандарға келер жылы Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы 17-ші өңіраралық әріптестік форумына дайындық жұмыстарына назар аударды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге сапары шеңберінде Көкшетау қаласындағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңес өткізді. Кеңесте біздерге үлкен міндеттер жүктеді. Президент айтқандай, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін арттыруда облыстың ресурстары мен мүмкіндіктері жеткілікті. Тек, соны тиімді пайдаланып, алға қойған міндеттерді бірлесіп шешуіміз керек, – деді Ермек Маржықпаев өз сөзінде.
Сонымен қатар, жиында келер жылы Көкшетау қаласында өткізілетін форумды ойдағыдай өткізуге арналған дайындық жұмыстары пысықталып, кейбір түйткілді мәселелерді шешу жолдары қарастырылды және ұсыныстар айтылды. Жиын соңында облыс әкімі жауапты басшыларға Президенттің алға қойған міндеттерін басшылыққа алып, оны орындау бойынша нақтылы тапсырмалар берді. Аппарат кеңесінде айтылған барлық міндеттер мен тапсырмалар облыс әкімдігінің бақылауына алынатын болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар