Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сенат депутатының кездесулері - АРҚА АЖАРЫ

Сенат депутатының кездесулері

Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі

Ләззат Сүлеймен Ақмола облысының соттарында кездесу өткізіп, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы заңының іске асырылуы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Депутатпен кездесуде Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы заңын іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап берді. Атап айтқанда, «Татуласу: сотқа дейін, сотта» Жоғарғы Соттың пилоттық жобасы аясында татуластыру рәсімдерін қолдану, соттардағы татуластыру кабинеттерін құру, Қазақстан халықтарының Ассамблея-
сы жанындағы Достық үйіндегі, кәсіподақ орталығындағы және аудандардағы татулас-тыру орталықтарының жұмыстарымен таныстырып, сонымен қатар, Билер кеңесінің қызметі, «Мектеп медиациясы» және «Отбасылық сот» жобалары туралы жан-жақты әңгімеледі.
2019 жылдың 10 айында Ақмола облысы соттарында медиацияны қолданумен 3045 іс қаралды. Бұл барлық істің 11,2 пайызы. 2018 жылы 3339 іс қаралған болатын. Билер кеңесінің қатысуымен 331 іс қаралды. Өңірде «Мектеп медиациясы» мен «Отбасылық сот» жобалары белсенді түрде іске асырылуда. Сенат депутаты Көкшетау қалалық сотында және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттағы татуластыру рәсімдері бойынша үйлестіруші-судьялармен, адвокаттармен, медиаторлармен және психологтармен, нотариустармен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, әкімдік және Билер кеңесінің өкілдерімен кездесулер өткізді.
Пилоттық жобаның үйлестіруші-судьялары Ақмола облыстық сотының судьясы Роза Ертаева және Көкшетау қалалық сотының судьясы Гаухар Нұрманова азаматтардың дауларын шешу кезінде татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша соттардың атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.
Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар