Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірімізге жұмыс сапарымен келген «BBP Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
директоры Жақсылық Өтегеновты қабылдап, Көкшетауда спорт кешенін салу мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесу барысында төрт спорт кешенінің таныстырылымы өтті. «BBP Company» серіктестігі басшысының айтуынша, ол көпбейінді, шағын спорт кешендері мен стадиондардан тұрады. Мұнда футбол алаңы, бокс залы, фитнес залы және жеңіл атлетика жолы бар. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан, Қостанай сияқты бірқатар қалаларда осындай жобалар жүзеге асырылып отыр. Өз кезегінде аймақ басшысы аталған жобаға қолдау білдіріп, оны Көкшетауда да жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
– Біз қазір спорт алаңдарына көңіл бөліп отырмыз. Сіздердің жобаларыңыз бізді қызықтырады, – деп атап өтті осы орайда Ермек Маржықпаев.
Жобамен танысқан облыс басшысы оны Көкшетау қаласында жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.