Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ білсін! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ білсін!

Тұрмыс-салт дәстүрлері

Жыл санау. Жердің Күнді бір айналып шығуына кеткен уақыт «жыл» деп аталған. Жыл он екі айға бөлінеді. Қазақша ай аттары: наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Жыл басы – наурыз айы. Әрине, бұл ежелгі қазақша жыл санау бойынша. Өйткені, бұл айда күн мен түннің көктемгі теңелуі (21 наурыз) болады. Мұнан әрі күн тез ұзарып, жер беті жылына бастайды, бүкіл жан-жануарлар, өсімдік атаулы, яғни, табиғат оянады. Қазақтың халық тәжірибесінде жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес. Шамасы, табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген болу керек. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан әрі қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды.
«Жыл қайыру» арқылы адамның қашан туылғанын анықтауға болады. Мысалы, адамның мүшел жасы – 13. Әрмен қарай туған жылды 12-ге бөлу керек. Егер қалдықсыз бөлінсе – мешін жылы туған болады. Ал егер қалдық 1 болса – тауық жылы, қалдық 2 болса – ит жылы, 3 – доңыз, 4 – тышқан, 5 – сиыр, 6 – барыс, т.с.с.

Қазан шегелеу. Жақсы таныстар, жақын адамдар аяқ астынан жиналып, жақын жолдастарының үйіне барады да: «Қазан шегелеуге келдік!» – дейді қалжыңдап. Мұны түсінген үй иелері: «О-о, дұрыс-ақ, қазанымызды шегелетуге біреуді іздегелі отыр едік, өздеріңнің келгендерің тіпті жақсы болды!» –деп, «қазан шегелеуге» келгендерді дастарқанға шақырады, дереу қазан көтереді. Бұл әрине қазақтың қонақжайлылығын әрі мырзалығын танытса керек-ті.
***
Қара шаңырақ. «Қара шаңырақ» атадан балаға қалатын мұра. Қара шаңырақтың үлкен балалары отау тігіп жеке шыққан соң, кенже, ең кіші ұл қара шаңырақтың иесі болады. Әкесінің орнын басатын ұл қара шаңырақтың барлық жауапкершілігін мойнына алады. Егер осы үй батырға, биге, молдаға тиесілі болса, ұзақ жолға шыққан адамдар, дін жолында жүргендер, әдейілеп осы қара шаңыраққа соғып, сәлем беріп, батасын алып тұрады. Қара шаңырақтың иесін, ел сыйлаған абыройлы адамдарды көпшілік еш уақытта ұмытпайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар