Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жазасын өтеушілер «Абай жолынан» қойылым көрсетті - АРҚА АЖАРЫ

Жазасын өтеушілер «Абай жолынан» қойылым көрсетті

Атбасар қаласындағы ЕЦ-166/4 қатаң режимдегі қауіпсіздігі жоғары мекемесінде жалпы білім беретін кешкі ауысымдық орта мектептің құрылғанына 15 жыл толуына орай, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан қойылым көрсетілді. Іс-шараға қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері, Атбасар ауданы білім бөлімінің өкілдері, мектеп директорлары қатысты.

Қазақ атын әуенмен самғатқан «Байтақ елім қазағым» әнімен ашылған концерттік бағдарламада ең алдымен Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Абай Бекбаев пен Ақмола облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, полковник Марат Әбдрахманов сөз сөйледі. Мектеп ұжымын мерейтоймен құттықтап, алпыс жылдық тарихы бар ЕЦ-166/4 мекемесі Кеңес кезінде еңбекпен түзеу мекемесі болғандығын, тоқсаныншы жылдары өндірісі біраз тоқтап, кейін қайта жанданғандығын айтты. Елбасы тапсырмасы бойынша мұнда кешкі ауысымдық мектеп ашылған. Мектептің бұрынғы мұғалімдері мен қазіргі қызметкерлеріне Алғыс хат тапсырылып, білім ордасын 10 жыл бойы басқарып келе жатқан Ерлан Дүйсенбаевқа бағалы сыйлық табыс етілді.
Өз кезегінде жазасын өтеушілер орыс, қазақ тілдерінде папури орындады. Өзін кезінде музыка пәнінің мұғалімі болғанмын деп таныстырған жазасын өтеуші «Белый лебедь» әнін үйіне деген сағынышпен, жан-жүрегімен тебірене шырқады.
Концерттік бағдарламадан кейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай жолы» романынан үзінді қойылды. Көрсетілімге мекеме қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері және жазасын өтеушілер қатысты. Қойылымды ұйымдастырушы, мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гауһар Қырғабекованың айтуынша, жазасын өтеушілердің көбі орыс тілді болғандығына қарамастан, қойылымды қазақ тілінде жақсы деңгейде ойнап шыққан.
Көрсетілімнен соң іс-шараға шақырылған мектептің бұрынғы директоры Жанат Омаров пен мұғалімдер білім ғимаратының ішін аралап, жазасын өтеушілердің қолөнер бұйымдарын көріп, мектептің қазіргі жағдайымен танысты.
Айта кетейік, қазіргі кезде мектепте екі 11-сынып, төрт 10-сыныпта 50-шақты оқушы мен 11 мұғалім бар. Ал, мекеме ішіндегі колледжде тігінші, автослесарь, газ-электр дәнекерлеуші, электрші, аспапшы, жонушы мамандықтары бойынша білім алуға болады.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар