Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлыққа қарсы күрес – адалдық пен әділдік үшін күрес - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлыққа қарсы күрес – адалдық пен әділдік үшін күрес

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен

Ақмола облысында болып қайтты. Агенттік төрағасының облыстағы жұмыс сапары Көкшетау қаласындағы облыстық департаменттің сервистік орталығын ашудан басталды.

Сонымен бірге облыстық әкімдікте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерге сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті пәрменді жүргізуге арналған актив жиналысы болып өтті.
Бұл шараны облыс әкімі Е.Б. Маржықпаев ашып, жүргізіп отырды. Актив жиналысына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаев қатысып, сөз сөйледі.

Актив барысында облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов «Aqmola – Adaldyq alany» жобалық офисінің жұмысы туралы хабарлама жасады. «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жабал Ерғалиев өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ізгілікке тәрбиелеу жазалау шараларынан әлдеқайда тиімді екендігіне назар аударды. «Ақмола облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Ирина Терентьева 2012-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жастармен жұмыс жүргізуге арналған арнайы тараумен толықтыру жөнінде ұсыныс енгізді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев істің жайымен мұқият танысып шыққаннан кейін біздің облысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар