Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Партия ұйымдары жұмысының негізгі бағыттары айқындалды - АРҚА АЖАРЫ

Партия ұйымдары жұмысының негізгі бағыттары айқындалды

Ағымдағы жылдың 24-25 қарашасы күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті,

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның аймақтық филиалдары өкілдерімен кездескен болатын. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының конференц-залында партияның облыстық филиалының төрағасы, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен партия активінің отырысында партиялық ұйымдардың осы саладағы жұмысының негізгі бағыттары айқындалды.

Оған саяси кеңестің, партиялық бақылау комиссиясының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, партияның аумақтық филиалдарының төрағалары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, ардагерлер мен партия белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында кездесіп отырмыз. Бұл барлық қазақстандықтар үшін тарихи күн. Осы тарихи оқиға да біздің Елбасы, «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы Нұлсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының басшылығымен әлемдік аренада өз орнын алған Қазақстан экономикада, мәдени және қоғамдық өмірде ерекше жетістіктерін күллі әлемге паш етті.
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасымыздың сара жолын жалғастырып, қуатты және тәуелсіз мемлекет құруда, – деген өңір басшысы, Елбасының партия мүшелері алдына қойған сегіз міндетіне қысқаша тоқталып өтті.
Одан әрі «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Ғалым Бекмағамбетов, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов, партияның Есіл аудандық филиалының төрағасы, Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов, партияның Қорғалжын аудандық филиалының төрағасы, Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев, «Камаз-Инжиниринг» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты, «Камаз-Инжиниринг» АҚ бас директоры Сергей Кистин, Астрахан аудандық мәслихаты «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі, партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, «Тасумар +» серіктестігінің директоры Анатолий Мальков, «Шұғыла» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Мәди Елубаевтардың баяндамалары тыңдалды.
Актив отырысын қорытындылаған облыстық филиалының, облыс әкімі партияның төрағасы Ермек Маржықпаев: – Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастық Қазақстанды Шығыс даналығы мен Батыстың динамизмін бойына сіңірген, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдағы әлемдік тарихи оқиғалардың барысына айтарлықтай үлес қосқан тұлға ретінде Тұңғыш Президентіміздің есімімен байланыстырады. Сондықтан, бұл бағытта Елбасы ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» біз үшін негізгі нұсқаулық болады, – деді. Отырыста тиісті ұсыныстар әзірленіп, оларды бастауыш партия ұйымдарына және партияның барлық құрылымдық органдарына жіберілетіні де айтылды. Актив отырысының соңы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша марапаттау рәсіміне ұласты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар