Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Біздің еліміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен кең ауқымды мемлекеттік өзгерістерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда Тұңғыш Президенттің саяси бағытын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев нәтижелі жалғастыруда.
Біздің алдымызда нақтылы стратегиялық бағдар тұр, ол біздің бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың, Қазақстанның одан әрі гүлденуі мен дамуы жолындағы жаңа жетістіктеріміздің негізі болып табылады. Осы бір атаулы күні, сіздерге және отбасыларыңызға болаттай берік денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілеймін. Отанымыздың жарқын болашағы мақсатында жаңа жеңістерге жете беріңіздер!