Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еліміздегі ең ірі құс фабрикасы аудан экономикасына серпін қосуда - АРҚА АЖАРЫ

Еліміздегі ең ірі құс фабрикасы аудан экономикасына серпін қосуда

Ауданда шпал зауыты, базальт плиталарын шығаратын «Политерм» кәсіпорны, қиыршық тас карьері өндірістік қуатын арттырып отыр. Ал, ауданға республикамыздағы ірі «Aitas» құс өсіру компаниясының келуі экономикалық, әлеуметтік өмірдегі елеулі оқиға саналады.

«Қазақстанның бәсекеге қабілетті көшбасшылары – ұлттық чемпиондары» атты отыз озат өндірісінің құрамына енген компания Өскемен құс фабрикасының дәстүрлерін жалғастырады. Ет өнімдерін өңдеу бойынша кешен құрылысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың маңызды буыны саналады.
Жылына 25 000 тонна құс етін өндіретін фабриканың бірінші кезегі 2018 жылғы қыркүйек айында іске қосылды. Құны 42 миллиард теңгені құрайтын жобаның қатысушылары қазақстандық және шетелдік ірі инвесторлар, атап айтқанда «Aitas KZ» холдингі, Еуропа Қайта құру және даму банкі, «Вaiterek Venture Fund» АҚ және «Қазақстан даму банкі» АҚ-тың кредиттік желісі болып табылады. Фабриканың бірінші кезегі тоғыз өндірістік алаңды қамтиды. Бұлар әрқайсысында он екі құс қорасы бар төрт бройлерлік инкубатор, құс етін өңдеу зауыты, қалдықтарды қордаландыру желісі, қосалқы алаң, жемшөп өңдеу цехынан тұрады. Фабриканың бірінші кезегіндегі қалған алаңдар да кестеге сай іске қосылуда. Екінші кезегін іске қосу 2020 жылдың екінші жартысына межеленіп отыр.
Макинск құс фабрикасы тауық етін өндіру көлемі бойынша Орталық Азия өңіріндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болмақ. Бұл шара ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласының сауда сөрелерін сапалы құс етімен және жұмыртқамен қамтуға мүмкіндік береді. Фабрика шығаратын негізгі өнім – тоңазытылған бройлер еті. Екінші кезекті іске қосқаннан кейін кәсіпорынның қуаты құс етіне деген ішкі нарықтың қажеттілігін 15 пайызға дейін өтеуге септік жасайды.
Осы орайда, бұрнағы жылы елдегі құс етін тұтыну 341 000 тоннаны құрағандығын айта кеткен ләзім. Жаңа фабрика өз кезегінде импорт үлесін қазіргі 50,4 пайыздан 32,6 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Әрі бұл кәсіпорын – әлемдік құс шаруашылығының озат үлгісі болып табылады. Ең үздік жабдық, ең үздік тәжірибе осында жинақталған. Холдинг басшысы Серік Толықбаевтың айтуынша, 2023 жылы фабриканың ІІІ кезегі іске қосылып, кәсіпорынның жылдық қуатын 100 000 тоннаға жеткізу көзделуде. Бұл мақсатта қосымша 100 миллион доллар инвестиция салынады. Орта мерзімді перспективада компания ІPO-ға шығу мүмкіндігін қарастырып отыр. Жалпы, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС – «ЕРДБ» және «CITIC» Қорының қолдауымен «Aitas» компаниялар тобын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы аясында іске асатын жоба. Жобаны жүзеге асыру құны 40 миллиард теңгені құрайды, осылайша бұл осы саладағы ең ірі инвестициялық жобаға айналады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жыл соңында «Индустрияландырудың екiншi бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпiр барысында аграрлық саладағы iрi жобалардың бiрi – Макинск құс фабрикасын ресми түрде іске қосты. Яғни, Елбасының республикамызда ғана емес, бүкіл Орта Азиядағы ең ірі құс фабрикасын салу жөніндегі тапсырмасы абыроймен орындалды.
Аудан әкімі ретінде, мен үшін ең алдымен бұл фабриканың іске қосылуы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы ауқымды тапсырмалардың жүзеге асырылуына елеулі үлес қосатындығымен құнды болмақ. Жыл құжатында айтылған «…жалақының өсуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы есебінен қазақстандықтардың табысы арттырылады» деген қағида инвестициялық саясаттың өзегі екендігін айқындады. Біз «Aitas» компаниясы арқылы экономиканың маңызды міндеті – өңірлік жұмыссыздық деңгейін елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік алып отырмыз. Қазірдің өзінде кәсіпорынның өндірістік буындарында 642 бұландылық еңбектенуде. Олардың жалақысы 200 мың теңгені жағалатып қалады. Ал, фабриканың екінші кезегінде бұл көрсеткіш еселеп артады деген болжам жасалуда. Демек, кадрлық сұраныспен қатар қатаң бәсекелестік те өріс алады деген сөз.
Құс фабрикасының құрылысы мультипликативті тиімділік беретіндіктен шағын және орта бизнес ауқымының өрісі кеңи түспек. Қолданыстағы және жаңадан салынған дәмханалар мен дүкендердің тауар айналымы артты. Қонақ үйлер мен хостелдердің қызметі жанданды. Тұрғын үй бағасы, жалға алу құны да өсе түсуде. Осылардың жиынтығы ауданның салық түсімін елеулі түрде ұлғайтқаны байқалады. Салық демекші, қала құрушы кәсіпорынның болашаққа негізделген жоспары бойынша алдағы жылдары өндіріс көлемі екі есе артып, жылына бюджетке 1 миллиард теңге салық түсетіні жоспарланған. Бұл қаланың жаңартылған бас жоспарын түзуге, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға септік жайсатыны белгілі.
Жаңа өндіріс орнының ашылуы әлеуметтік бағыттағы проблемаларды, соның ішінде тұрғын үй мәселесін шешуге оң ықпалын тиізетіні анық. Бұл орайда «Aitas» холдингі Макинск қаласында барлық қолайлылықтар қарастырылған 60 пәтерлік үйдің құрылысын бастауды жос-парлап отырғаны біз үшін маңызды болмақ.

Талғат Ерсейітов,
Бұланды ауданының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар