Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бұқаралық ақпарат құралдары біздің сенімді серіктестеріміз - АРҚА АЖАРЫ

Бұқаралық ақпарат құралдары біздің сенімді серіктестеріміз

Сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік кесірге қарсы тұру мемлекет пен қоғамның біріккен күш-жігерінсіз мүмкін емес екені жалпыға мәлім. Бұл туралы біздің еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылатын «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бағдарламалық құжатында да атап көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға халықты кеңінен тарту қажеттілігі туралы мәселе Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында нақты белгіленген.

Осы стратегияларды, сондай-ақ «Еститін мемлекеттің» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Респуб-ликасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға және негізгі моральдық-адамгершілік құндылықтарды дарытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуде.
Мысалы, «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу дәстүрге айналуда. Марафон аясында брейн-рингтер, event-шаралар, дебаттар, флэш-мобтар, автошерулер және осы сияқты түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі. Марафон аясында білім беру мекемелерімен, «Nur Otan» партиясымен, «Жаңару» ҚБ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және БАҚ-пен тығыз қарым-қатынаста жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бағытындағы 378 іс-шара өткізілді, оған 26,9 мың азамат тартылды.
Сонымен қатар, біз «Мейірімділік акселераторы», «Адал жүрек», «Адалдық керуені», «Ағаш отырғызу», «Жол бер – өмірді сақта!», «Таза тамыз» сияқты ауқымды акциялар өткіздік. Олардың барлығы қоғам өміріндегі рухани-адамгершілік тәрбиенің рөлін арттыруға бағытталған.
Ішкі парасаттылықты тәрбиелеу мақсатында өңірде 305 «адалдық» дүкені (Integrity Shop) ашылып, жұмыс істеп жатыр. Онда сатып алушылар төлемді арнайы жәшікте қалдырып қажетті тауарларды өз бетінше сатып ала алады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында және өңірдің мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындауға бағытталған 594 парасаттылық мектебі ашылды.
Сонымен қатар, департамент «Ақмола – адалдық алаңы» ірі жобасын іске асыруда. Бұл жобаның мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою. Сондай-ақ, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Protecting Business and Investments» жобасын да қолға алып отырмыз.
Біз жүзеге асырып жатқан барлық бастамалар мен іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары билік пен қоғам арасындағы белсенді диалогтық алаң қызметін орындай отырып, тұрғындарды хабардар етуге көмектеседі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сәйкес, ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықты қоғамда қабылдамау ахуалын қамтамасыз ету, қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді қатысуына ықпал ету бағытындағы насихат жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі уақытта республикалық және өңірлік БАҚ-та департаменттің қызметі туралы 2000-ға жуық материалдар орналастырылған, оның ішінде теледидарда 200-ден астам сюжет, баспа басылымдарында 460-тан астам жарияланым, өңірлік және республикалық маңызы бар ақпараттық агенттіктердің интернет-ресурстарында 1300-ден астам жарияланым бар.
Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға «Арқа ажары», «Акмолинская правда», «Көкшетау», «Степной маяк», «Любимый город», «Көкшетау бүгін – Кокшетау сегодня» сияқты өңірлік баспа газеттеріне үнемі мақалалар жариялап тұрады. Материалдар ақпараттық агенттіктің интернет-сайттарында да жарияланады, олардың ішінде «DKNews», «Tengrinews.kz», «Дорожный patrul.kz», «Казинформ», «Литер», «Infozakon.kz», «Kazakhstan Today», «Казахстанская правда», «Baq.kz», «Kokshetauasia» және басқалар бар. Сонымен қатар, журналистердің қатысуымен түрлі конференциялар мен брифингтер өткізіледі, газеттер мен теледидарға сұхбат беріледі.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықтың мысалы ретінде өңірлік баспа басылымдарында департаменттің тұрақты айдарлары бар екенін атап өтуге болады. Сонымен қатар, облыстық «Kókshe» телеарнасында «Ақмола – адалдық алаңы» телевизиялық бағдарламасы жұмыс істейді.
Instagram және Facebook танымал әлеуметтік желілерінде біздің парақшалар тұрақты жұмыс істейді, онда жүргізіліп жатқан жұмысты жария ету ғана емес, сонымен қатар, департаменттің тиімді жұмысына ықпал ететін халықтан жедел кері байланыс алу мүмкіндігі де бар. Блогинг қазіргі ортадағы журналистік коммуникацияның ең танымал құралдарының бірі екенін ұғына отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында біздің бірлескен жұмысымыздан блогерлер де шет қалмайды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды насихаттау мақсатында департамент бұқаралық ақпарат құралдарын ынталандыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарлап отыр. Атап айтқанда, БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша үздік жарияланымдарға конкурс өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы аса маңызды материалдарды көтермелеу және басқа шаралар қолға алынуда.
Қоғамға дендеп еніп кеткен қатерлі дерт – сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықты тарту үшін БАҚ өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге әрдайым жете көңіл бөлеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.
Мұрат Төлеубаев,
Ақмола облысы бойынша сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар