Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баспасөз ардагерінің ой-толғанысы - АРҚА АЖАРЫ

Баспасөз ардагерінің ой-толғанысы

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектептің 10 «ә» сынып оқушыларының өткен жұма күнгі сынып сағаты еліміздің тәуелсіздігі,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және мамандық таңдау тақырыбына арналды. Сынып жетекшіміз Гүлнәр Естайқызы Айзахметова сынып сағатына жерлес қаламгер, ардагер журналист Бәдуан Имашұлын шақырып, біздерге таныстырды.

Мектеп директоры Ақнұр Арыспайқызы Түркістанбаева, директордың жоғары және бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары Ұлбосын Тобышбайқызы Ишмұхаммедова мен Мәдина Мұратқызы Айқынбаева қатысқан бас қосуда журналист ағамыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялап, өз тарихының жаңа кезеңіне қадам басқандығы жайлы жан-жақты әңгімелеп, ел тәуелсіздігінің 28 жылы тым аз уақыт екендігіне қарамастан, халқымыз осы кезеңде үлкен өзгерістердің куәгері болғанын атап көрсетті.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында ел болашағына күмәнмен қараушылардың, ел ертеңіне сенімсіздік білдірушілердің болғаны рас. Шындығында да азаттықтың бастапқы кезеңі қиын да күрделі болғаны анық. Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаты нәтижесінде тәуелсіз еліміз сол қиыншылықтардың басым бөлігін жеңе білді. Отыз жылға тарта тарихымыздың әрбір күнін ел азаттығы тарихының жеке бір парағы деуге болады. Сол күндері Елбасы қол қойған әрбір Жарлықтың, Парламент қабылдаған әрбір заңның, Үкімет қабылдаған әрбір қаулының еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани өмірі үшін маңызы зор болды. Уақыт өте келе мұның бәрі тарихи даталарға айнала бастады. Солардың бірі ретінде 2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні туралы Заңды атауға болады, – деп ойын бір тұжырымдап өтті мейман.
Бұдан кейін журналист ағамыз Тұңғыш Президент күнінің ерекшеліктері жайлы баршамызға жан-жақты әңгімелеп, бұл күннің бүкілхалықтық мереке ретінде аталып өтетінін атап көрсетті.
Әңгіме ауаны сыныптас достарымның мамандық таңдауына байланысты өрбігенде өзім журналист болуға ниет білдіретінімді жеткіздім. Сондай-ақ, келген қонақтан осы қадірлі де қастерлі мамандықтың жай-жапсарын айтып беруді өтінген едім. Бәдуан Имашұлы өзінің Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде табан аудармастан қырық жылдан астам еңбек еткенін тілге тиек етіп, өңірдің бір ғасырдан астам тарихы бар басылымының өсіп-өркендеу жолдары, ондағы өмірден өткен қаламгерлердің көпшілігімен қызметтес болғаны, бүгінгі тыныс-тіршілігі, редакция қабырғасында еңбек етіп жатқан қаламгерлер жайлы жан-жақты әңгімелеп берді.
Пікір алысу барысында қадірлі қонағымыз оқушылардың қойған сауалдарына тұшымды жауап қайтарып, баспасөзге жазылу барысы жайында, алдағы Тәуелсіздік мерекесі күндері өткізілетін шаралар жөнінде ой-пікірімен бөлісті.
Кездесу әсерлі де мазмұнды өтті. Білім ордасының басшысы ардагер журналистке зор алғыс білдіріп, ұжымның атынан рахмет айтты.

Мақпал БАТТАЛОВА,
Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектептің
10 «ә» сыныбының оқушысы.
Жібек жолы ауылы,
Аршалы ауданы.
Суреттерде: кездесуден көріністер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар