Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел ертеңі – өрелі ұрпақ - АРҚА АЖАРЫ

Ел ертеңі – өрелі ұрпақ

Адалдық!.. Осынау қасиетті де ауқымды ұғымның адам баласы үшін алар орны, атқарар қызметі орасан зор. Тек оны орнымен қолдан, қасиетті сөздің қадіріне жете біл! Сонда ғана бұл сөз өзінің мәнін жоғалтпай, құны арта түсері сөзсіз.

Атам қазақ ежелден «Ардың ісі – адалдық» деп текке айтпағаны белгілі. Ендеше, осынау қасиетті ұғым қазір де өз дәрежесінде, өз биігінде көріне алып жүр ме?
Қайдам… Бұған бір-ақ мысал. Аш қасқырдай жалақтаған жемқорлық деген пәлені қайда қоямыз? Бұл біздің күнделікті өмірімізге баса-көктеп кіріп, жаппай қоғамның дертіне айналып бара жатыр. Кез-келген жаңалыққа құлақ түрсеңіз, еріксіз «пара алыпты», «пара беріпті», «парамен ұсталыпты» деген сөздермен ұшырасасыз. Ойлап қарасақ, бұл күнделікті әдетке айналып бара жатқан сияқты.
Ай мен күннің аманында, тыныштық заманда адам баласының бұлай бұзылуына не жетіспейді екен деп бір сәт ойға шомасыз. Ойлана-ойлана еріксіз «пенденің пендешілдігі шығар, әйтпесе не жетпейді?» деген шешімге келесіз. Басқа ақтар себеп те жоқ. Болған үстіне бола түссе деген ашкөздік, байлығымды еселей түссем деген көрсеқызарлық. Бұл – пенденің пендешілдігі, арам ниеттің өзі емей немене.
Осының бәрін жеңер күш – адалдық. Бо-йымызда осы қасиеттің сәл де болса ұшқыны болса, мұндай пенделікке, арсыздыққа салынып, жалған дүние, арзан байлық үшін өзімізге сеніп тапсырылған халық сеніміне селкеу түсірмес едік.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адамдық белгісінің өлшемі. «Адалдық» деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.
Сол себепті де өзім сияқты еліміздің ертеңгі болашағы – жастарымыз осы сөздің мағынасына терең бойлап өссе екен деп ойлаймын. Бұл сөзді аға буын өкілдері болашақ ұрпаққа тек айтып қана қоймай, іспен дәлелдеп, бүкіл халық болып ұрпағының бойына сіңіре алса, еліміздің ертеңі де нұрлы болып, табысы еселене түспек. Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ. Ендеше қоғам дертіне айналған жемқорлықпен бүкіл сол қоғам болып бірге күресейік. Ел ертеңі – адал ұрпақ!
Зұлқия НЕҒМЕТЖАН,
Исаковка орта мектебінің
11 «А» сынып оқушысы.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар