Облыстың колледждері мен мектептерінде жылда күз бен қыс айларында мұзды су айдындарының үстімен жүрудің қауіпсіздік ережелері оқытылады.
Мемлекет басшысының Жолдауында да халықтың денсаулығы, өмірінің қауіпсіздігі баса атап көрсетілген. Бұл жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, сақтана білуге де қатысты. Өткен айларда су айдынында қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің бас маманы облыстың орта мектептері мен колледждерінде «Абайлаңыз, жұқа мұз!» және «Қыс айларында жылу құрылғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында интерактивтік сабақтар өткізді.
Мұнда облыстың мұзды су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу, сақ болу, хабар беру жөнінде айтылды. Бұл сабақ балалардың қайғылы оқиғадан аулақ болуына көмектесті. Сабақ соңында «Қыс айларындағы мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері» туралы слайдтар мен оқу фильмдері, «Жұқа мұзда сақ болыңыз!» бейнероликтері көрсетілді.
Наухан ЫРЫСПАЕВ,
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және
апаттан құтқару қызметінің маманы.