Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тәуелсіз елімді жырлаймын» - АРҚА АЖАРЫ

«Тәуелсіз елімді жырлаймын»

Осындай тақырыпта «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы аясында республикалық ақындар мүшәйрасы болып өтті. Мәдени іс-шараға Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин қатысып, сөз сөйлеп, ақындар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, жиналған қауымға жылы лебізін білдірді.

«Менің нәзік жанымды кім түсінер…» демекші, ақын деген жылт еткен жақсылық сәулесіне ұмтылған, қоғамда болып жатқан жайттардың барлығын жүрек елегінен өткізе білетін сезімтал жанға халықты қуанту да қиынға соқпас-ау. Өлең құдіреті арқылы туған жері, Отаны, елі-жұртын тамсандыруы үшін, сан-алуан алау ойға қиял қанатын күйдіріп, жалынды жыр жазар. Пәрменді пікірін оқырманына астарлы теңеу, әсерлі сөзбен жеткізіп, ойдан ою, құнарлы сөзден кесте тігер.
Көкшетауда өткен осындай жыр кешіне Нұр-Сұлтан, Петропавл, Семей, Қарағанды, Көкшетау, Степногорск қалаларынан болашағынан зор үміт күттіретін 26 жас ақын қатысты. Жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулу, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін жырға қосу, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік, ерлік құндылықтарымызды ұлықтау, адами абзал қасиеттерді дәріптеу мақсатында өткен жыр мүшәйрасына әрбір жас ақын жіті дайындықпен келгендіктері анық аңғарылды. Жыр додасының шартына сәйкес әрбір ақын екі өлеңнен оқыды.
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» демекші, жыр додасында бақ сынасқан сан жүйріктің бағасын берген қазылар алқасының құрамында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Көкшетау» газетінің бас редакторы, ақын Серік Жетпісқалиев, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің доценті, филиология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, ақын Қуаныш Оспан, Ақмола өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайрат Сейітқазин, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеті тарих пәнінің оқытушысы Талапкер Уәлиев болды. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қызметкері Оралбек Нүріш жеңіп алды. Бірінші орынды Орталық Қазақстан Академиясының студенті Әсемгүл Серікбол, екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласынан Абылай Мәулен мен Петропавл қаласынан Абылайхан Әшімхан иеленсе, үшінші орынды Семей қаласынан Еламан Оспан мен Көкен Шәкейұлы атындағы ақындар мектебінің шәкірті Ұғылан Қарашаш өзара бөлісті.
Жас ақындар Алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар