Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар жылы жақсы істерге толы - АРҚА АЖАРЫ

Жастар жылы жақсы істерге толы

Ақмола облысында Жастар жылы аясында жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді. Облысымызда 146 мыңға жуық жас болса, соның 45 пайызын қала, 55 пайызын ауыл жастары құрайды.

2019 жылы облыс бойынша жалпы Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз етуге 34,5 миллион теңге, облыс әкімінің атаулы шәкіртақысына 106 миллион теңге, жастар саясаты шеңберінде іс-шараларды өткізуге 31,95 миллион теңге және «ZEREN-2019» республикалық жастар білім беру лагерін өткізуге 40,5 миллион теңге бөлінді.
Облыстың қалалары мен аудандарында 17 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Жастар жылын іске асыру жөніндегі Жол картасында жастармен жұмыс істеудің негізгі бағыттары мен бағдарламалары көрсетілген. Осылайша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерінің» бірінші бағытын іске асыру аясында «Ақмола жастары» бағдарламасы бойынша жастарға арналған 160 пәтерлік 2 тұрғын үй салу жоспарланды.
6 білім беру ұйымдарына арналған 2554 орындық студенттік жатақханалар құрылысы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 670 орын, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 500, Көкшетау жоғары техникалық колледжі 600, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжі 300, Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжі 300, Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледж 184 орындық жатақханалармен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде жатақхананың төртінші қабаты салынуда. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде 500 орындық жатақхананың жобалық-сметалық құжаты бекітілді.
Екінші бағыт бойынша жастарды еңбекпен қамту мәселесі қарастырылған. Облыстың жастар ресурстық орталықтары жыл басынан бері 760 жас адамды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетті, жалпы, түрлі мәселелер бо-йынша барлығы 949 кеңес өткізді. Жұмыспен қамту орталықтарына келсек, жыл басынан 5301 жас жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 524 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. «Еңбек» жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында жастар практикасына 722 адам қатысты. Жастар тәжірибесін 276 адам аяқтап, оның ішінде 220 адам жұмысқа орналастырылды.
«Жас кәсіпкер» жобасы аясында 950 жас адам оқып, 505 мың теңге көлеміндегі гранттар мен айына 17 мың теңге көлеміндегі стипендияларды ұтып алды. Бұл жобаларды қаржыландыру жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстың жас кәсіпкерлеріне мемлекеттік гранттар беру үшін 2019 жылы 14 жобаны іске асыруға 39 миллион теңге қаражат бөлінді.
«Атамекен» ҰКП Ақмола филиалы «Бастау Бизнес» жобасын қолға ала бастады. Оның аясында кәсіпкерлік негіздеріне 3080 адам оқытылды, соның 21 пайызы жастар болды. «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында облыста 875 миллион теңгеге 231 маманды тарту үшін несие берілді. 394 маманға 72 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы қарастырылды. Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысы аясында 2019 жылы 13 адам жұмысқа орналасты.
Үшінші – білім мен еріктілікті дамыту бағыты. Осы орайда, «Жас маман» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім ғылым министрлігінің республикалық комиссиясы 2020 жылға жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары және материалдық-техникалық базасы бар бір жоғары оқу орны мен облысымыздың 5 жетекші колледждерін анықтады. 2019 жылдың ақпан айында өткен «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында облыс еріктілері 7821 оқушыға 31,4 миллион теңге көлемінде материалдық көмек жинағанын да айта кету керек. Мемлекет басшысы 2020 жылды Еріктілер жылы деп жария-лады. Тиісті Жарлық қабылданып, Еріктілер жылын іске асыру жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары әзірленуде.
Ағымдағы жылдың шілде айында «ZEREN — 2019» республикалық жастар білім беру лагері жұмыс істеді. Осы кезеңде еліміздің барлық өңірлерінен 600 жас адам оқудан өтсе, біздің облыстан оған 63 жас қатысты. 2018-2019 жылдарға арналған Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде облыс бюджетінен жоғары білімді кадрларды даярлау үшін 150 білім гранты берілді.
Төртінші бағыт жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту болып табылады. Бүгінде облыста 5509 баланы қамтитын 226 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. Оның ішінде орта мектептерде 201 клуб, колледж-дерде 25 клуб бар.
Облыстың спорт мектептерінде джиу-джитсу, каратэ-до, киокушинкай-каратэ, самбо, ушу, қоян-қолтық ұрыс сияқты жекпе-жек түрлерінен секциялар жұмыс істейді. Онда 1302 бала айналысады. Жыл бойы облыстың жетекші спортшылары жалпы білім беретін мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері үшін мас-тер-кластар өткізілді. БАҚ өкілдері үшін тұрақты негізде «ашық жаттығулар» өткізу ұйымдастырылды, оның барысында Ақмола облысының спортшылары өздерінің жаттығу процесі туралы әңгімеледі.
Бесінші бағыт – жас отбасын, денсаулықты және әлеуметтік инклюзивтілікті, патриоттық тәрбиені қолдау бойынша іс-шаралар.
Ағымдағы кезеңде облыста жалпы саны
1 141 және 193 466 жасты қамтитын жастарға бағытталған іс-шаралардың толық сериясы өткізілді. Олардың негізгілері ретінде «2019 игі іс» акциясы, «Шаңғы жарысы», «Айс-бит» мұз айдынында тегін сырғанау, «Ұлы дала жастары» облыстық жастар форумын» атауға болады. Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде Dombra party, Qymyz fest, Baýyrsaq party іс-шаралары да өткізілді.
Жалпы, Жастар жылындағы игі бастамалар осымен тоқтап қалмай келесі Еріктілер жылында да жалғасын таба түседі.
Алтынай ӘМІРЕНОВА.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар