Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инклюзивті қоғамға бірге - АРҚА АЖАРЫ

Инклюзивті қоғамға бірге

Барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында 2019 жылдың 4 – 6 желтоқсаны аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу – сауықтыру орталығында «Инклюзивті білім берудің өзекті аспектілері» атты республикалық ғылыми – практикалық конференциясы болып өтті.. Жалпы білім беретін және арнайы мектептердің мамандары: білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер, дефектологтар, психологтар,  сонымен қатар, инсклюзивті білім беру теориясы мен тәжірибесін дамытушы ғалымдардың басын бір арнаға тоғыстырған конференция өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.

Ғылыми – практикалық конференцияда инсклюзивті білім берудің өзекті мәселелерімен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен қарым – қатынас, психологиялық қызметтің негізгі бағыттары, стратегиясы жайында еліміздің алдыңғы қатардағы, оқу орындарының білікті мамандары өз білімдері және мол тәжірибесімен бөлісті.

Конференцияның соңғы күнінде пленарлық отырыс, панельді секциялар тыңдалымынан соң, инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін «Инсклюзивті қоғамға бірге» тақырыбында  ең өзекті сұрақтарды қамтыған дөңлегек үстел болып, тәжірибе алмасу және мәселені шешу жолдарын іздеу болып табылады.

Ұйымдастырушылар тарапынан конференцияның ашылуы мен жабылуы салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, «Бурабай» МҰТП экскурсиясы конференция қатысушыларының көңілінен шықты. Сондай-ақ, қатысушылар мен қонақтарға арнайы жоспарланған еліміздегі ең  үздік «Жастар» педагогикалық тобының концерті ерекше әсер қалдырды.

Аталмыш жиын нәтижесінде республиканың білім беру жүйесінде инклюзияны дамыту бойынша ұсынымдар қабылданып, конференция қатысушыларына сертификаттар табысталды.

«Балдәурен» РОСО филиалы тарих пәні мұғалімі Қызметова Маржанай Сманкұлқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар