Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ана мен сәбидің амандығы – елдің саулығы - АРҚА АЖАРЫ

Ана мен сәбидің амандығы – елдің саулығы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Нәресте және бала өлімін төмендетуге арналған жедел іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ағымдағы жылдың 9 айындағы арнайы мониторингтік топ жұмысының нәтижелері» тақырыбында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Бишораеваның қатысуымен брифинг өтті.

Татьяна Бишораеваның баяндауынша, 2019 жылы жергілікті бюджет қаражатынан материалдық-техникалық жабдықтарға 2,1 миллиард теңге бөлінген. Нәресте өлімін төмендету мақсатында туа бітті ауруларды анықтау үшін және шарананың даму деңгейін қадағалау үшін 304 миллион теңгеге 11 ультрадыбыстық аппарат және 53 миллион теңгеге қосымша 10 жедел жәрдем көлігі сатып алынған. Облысқа осы жылы 64 жас медициналық қызметкер келіп, оның 33-і ауылдық жерлерде жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге, кадр даярлау мәселесі де назардан тыс қалмаған. 2019-2020 оқу жылына
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің медициналық факультетіне 50 грант бөлініп, облыс әкімі грантын 51 студент иеленген. Ал, медициналық ұйымның атынан 12 студент қаржыландырылып, еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуда. Баяндамада жалпы мониторинг қорытындысы бойынша өзекті мәселелер талқыланып, қандай бағыттарға баса назар аударылу керектігі анықталғандығы, ана мен бала өмірін сақтап қалу үшін барынша жағдай жасау қарастырылып отырғандығы айтылды.
Ал, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің арнайы мониторингтік тобының басшысы Владислав Шульдің айтуынша, ауруханалар мен емханалардың инфрақұрылымы ескірген.
–Мен тұрғызылғанына 1 жыл болған ауруханада болдым. Дегенмен, ғимараттың жағдайына қарасаңыз бір ғасыр бұрын салынғанға ұқсайды. Медициналық ұйымдарға күн сайын айыппұл салуға болады. Себебі, олар қазіргі талаптарға сай келмейді. Олар өздерін техникалық тұрғыдан толық қамтамасыз етуге қауқарсыз. Бұдан басқа да шешімін табуға тиісті мәселелер көп. Мысалға, шағын бизнесті дамыту үшін оны тексеруге мараторий жарияланды, ал біз барған Степногордағы көпбейінді аурухананы жарты жылда 11 рет тексерген, бұл тексерістер жұмыс істеуге кедергі туғызады, – дейді ол.

Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар