Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жауапкершілігі күшейтілді - АРҚА АЖАРЫ

Басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жауапкершілігі күшейтілді

«Antikor ortalyǵy» сервистік орталығында өткен брифингте Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңалықтар жөнінде айтты.

Департамент басшысы өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілгенін, бұл норма Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен заңға енгізілгенін айтты.
– Биылғы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өткен кездесуде Мемлекет басшысы бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орнынан түсу институтын енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметшілер – министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері, олардың орынбасарлары, аудан әкімдері мен олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаса, міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек. Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы және оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті,–деді Мұрат Төлеубаев.
Тікелей бағыныштылар ретінде орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) үшін оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшылары: облыс, республикалық маңызы бар қалалар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі үшін оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі, орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) үшін оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметінен кетеді. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, аудан әкімі өзінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне жауап береді.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті. Егер саяси емес, бірақ, А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық басқа басшыларына тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда алдыңғыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.
– Мемлекет басшысы қол қойған заңда басшыларға бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті енгізілген. Бұл міндеттің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы басшының тәртіптік жауапкершілігіне әкеліп соғады. Сондай-ақ, заңнамаға басшылықтың ұжымдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі міндетін жүйелі түрде орындамағаны үшін жауапкершілігі енгізілді, бұл мемлекеттік органда немесе ол басқаратын құрылымда сыбайлас жемқорлық тұрғысынан жағымсыз жағдайға әкеледі. Егер тікелей бағынышты адамдар сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасамаған болса, бірақ, мысалы, талдау осы мемлекеттік органда немесе белгілі бір аймақтық бөлімшеде сыбайлас жемқорлық деңгейі күрт жоғарылағанын көрсетсе, тиісті басшының тәртіптік жауапкершілік мәселесі қаралатын болады.Үшінші жаңашылық – нормативтік- құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы енгізу. Бұл механизм заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу сатысында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.Тетікті әзірлеу кезінде қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға тарту үшін нормалар міндетті түрде ескерілетінін атап өтті. Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында қоғамның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу міндеті қойылды. Барлық сараптамалық пікірлер көпшілікке қол жетімді болады. Қоғамның белсенді қатысуы сапалы заңдарды, үкімет қаулыларын, министрліктердің бұйрықтары мен басқа актілерді қабылдауға мүмкіндік береді,–деген департамент басшысы аталмыш заң қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою жолындағы тарихи құжат болып табылатынын және оны іске асыру мемлекеттік органдар үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін де басымдық болуы тиіс екенін атап өтті. Брифинг соңында тілшілер қойған сауалдарға жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар