Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүмкіндіктер межесінен көрінудеміз - АРҚА АЖАРЫ

Мүмкіндіктер межесінен көрінудеміз

Биылғы жылы ауа райының қолайсыздықтарына қарамастан, өткен орақ науқанындағы жетістіктерімізді одан әрі баянды етіп, жақсы жұмыс істедік.

Егіншілік саласының қол жеткізген көрсеткіштері аудан диқандарының ерен еңбегінің нәтижесі, егіс алқаптарын ұлғайту, ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайландыру және әртараптандыру, ылғал сақтағыш технологияны енгізу, тұқым сапасы мен жер құнарлылығын арттыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалықтарының бір мақсатқа бағытталған ұйымдастыру жұмысы болып табылады. Ауданда елуден астам серіктестік, екі өндірістік кооператив, төрт жүзден астам шаруа қожалығы жұмыс істейді. Олар биылғы жылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жақсы өнім алды. 634,2 мың гектар алқаптан 574,3 мың тонна астық жиналды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9,8 мың тонна артық. Гектар берекесі орта есеппен 9 центнерден айналды. Мемлекет жыл сайын лизингпен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Кепілдендірілген жанар-жағар маймен қамтамасыз етеді. Бұл астық шығымдылығының артуы мен еңбек өнімділігінің өсуіне ықпал етеді. Ауданға субсидия түрінде біршама қаржы түсті. 21,5 мың гектар алқапқа тыңайтқыш енгізілді. 546,2 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті. 48 мың гектар алқапта пар өңделіп, күзде 90 мың гектар жер жыртылды. Қамбаға 62 мың тонна тұқым құйылды.
Ауданда 13920 бас ірі қара, 25199 қой-ешкі, 6309 бас жылқы, 42854 құс ұсталады. Ет, сүт және жұмыртқа өндіру жоспары артығымен орындалуда. Бүгінгі күні асыл тұқымды мал бағатын 29 шаруашылық жұмыс істейді. Асыл тұқымды ірі қара өсіретін екі шаруашылық бар. Ауданда 250 бас сиыр бағылатын екі тауарлы-сүт фермасы құрылды. Оның бірі биылғы жылы ашылды. «Темірлан» серіктестігі 50 бас, «Рассвет» шаруа қожалығы 20 бас сиыр сауады. Жемшөп қорын нығайту үшін биылғы жылы азықтық дақылдар алқабы 3,162 мың гектарға дейін көбейтілді. Мал қыстатуға қажетті 35,2 мың тонна шөп, 15 мың тонна сабан маяларға салынды. Өнімді өңдеу саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Ауданда «МолПродЖарқайың» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Олар ауылдық округтердегі қабылдау пункттерінде сүт жинап, жеке кәсіпкер Әминовтың тәулігіне 4 мың тонна сүт өңдей алатын өндірістік цехына тапсырады.
Қазіргі қыс айларында да аудан еңбеккерлері өздеріне үйреншікті жұмыстар тізгінін босаңсытпауды ойлауда. Бүгінгі, келер күндердің қарекеті үшін тыным таппайтын жерлестерімізге Тәуелсіздік күні қарсаңында тек табыс тілейміз.

Мұрат БЕРЛІБЕКОВ,
Жарқайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар