Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бұландыдан Бурабайға келіп, жыр оқыды - АРҚА АЖАРЫ

Бұландыдан Бурабайға келіп, жыр оқыды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бурабай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің аудандық кітапханасы жанынан ашылған «Автор және оқырман» жобасын іске асыру аясында бұландылық ақын, журналист Жайнарбек Зандыбайұлымен кездесу кеші болып өтті.

Ақын кештің шымылдығын мынадай өлең жолдарымен ашты:
Құшағын ашқан кезде Бурабайым,
Қалайша текті жырдан құр қалайын.
Ақын деп үміт артса арда қазақ,
Мен бүгін үмітіңді арқалайын.

Сұлулықты басыңа құя салған,
Қырандай көз тастасақ қия шалған.
Шалқар шабыт төріңде шарықтасын,
Оқжетпестің шыңына ұя салған.

Өрліктен бір сендегі жасын алып,
Қосылайын әдеби көшіңе анық.
Бұландыдан мен келдім маң-маң басып,
Ақанның «Маңмаңгерін» есіме алып.
Бұл кездесу жас ұрпаққа тағылымы зор, рухани тәрбие беретін кеш болды. Ақынның рухты өлеңдері жиналғандар жүрегіне жетіп, автор мен оқырман арасында өзара шығармашылық байланыс орнады. Ақынды қолдап келген кешіміздің құрметті қонақтары, өмірдегі де, өнердегі де достары: Бұланды мәдениет үйінің директоры Ернұр Сәрсекеев гитарамен әсем ән тарту етсе, осы мәдениет үйі директорының орынбасары Әлішер Кенжеғалиев автордың «Ойнамаңдар» өлеңін оқыды. Ақынның шәкірттері, жас ақын Тілек Серік ұстазының «Рухым қайда?» өлеңін оқыса, Бергенбек Азатбайұлы өз арнауын орындап, кештің шырайын келтірді. Жайнарбек Зандыбайұлы кеш барысында әр тақырыптағы өлеңдерін оқып, жастарға ой салар ұстамды сөздерін жеткізді. Автордың бірнеше өлеңдерін Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің студенттері оқып, әсем әндер шырқалды.
Кеш соңында Жайнарбек Зандыбай кітапханаға «Бәсіре» кітабын сыйға тартып, «Цифрлық Қазақстан» жобасы бойынша авторлық келісім-шартқа қол қойылды. «Автор және оқырман» жобасы осылайша тағы бір автордың шығармашылығын кеңінен насихаттау жолын қолға алды.
Назира РАМАЗАНОВА,
Бурабай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар