Айсұлу туған ауылы Өрнектегі мектепте оқып жүрген кезінде мұғалім болуды армандаған еді. Ол жақсы оқып, мектеп өміріне белсене араласты. Жылдар өтіп жатты. Міне, биыл Айсұлу Қабидешқызының бала күніндегі арманы орындалды. Астрахан ауданындағы №1 онжылдық мектепті бітіргеннен кейін, Нұр-Сұлтан қаласындағы гуманитарлық колледжде шет тілі факультетін сәтті аяқтаған ол осы оқу жылында Петровка орта мектебіне жұмысқа орналасты. Жас мұғалім 1-10 сыныптарға шет тілінен сабақ беріп, тәжірибе жинауда. Сонымен бірге, Айсұлу Ерғали Павлодар мемлекеттік университетінде қашықтан оқып, білімін жетілдіруде.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретті түсірген автор.