Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
- АРҚА АЖАРЫ

Құрметті ақмолалықтар!
Ақмола облыстық мәслихат депутаттары атынан еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлттық мереке бүгінгі ұрпаққа ұлы мұраны қалдырған көпұлтты халықтың ортақ тағдырын бейнелейді. Ол: бейбітшілік пен келісімде өмір сүру дәстүрі, рухани құндылықтарға деген өзінің қасиетті ниеті.
Бұл мереке тек жалпы халықтық қана емес, оның жеке өз өлшемімен де ерекшеленеді. Біз қай жерде тусақ та, қай жерде өссек те – бұл біздің жалғыз туған Отанымыз. Біз біртұтас мемлекеттің азаматтарымыз және әрқайсымыздың еңбегіміз бен күш-жігерімізге, жауапкершілігімізге елдің экономикалық және әлеуметтік өркендеуі тәуелді.
Біздің еліміз қалыптасу мен дамудың қиын жолынан өтті. Бұл күн – біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерліктерін еске алуға, Отанымыз бен келешегіміз туралы, жас ұрпақтың алдындағы өз борышымыз туралы, Қазақстанның ертеңгі күні жарқын әрі қуанышты болуы үшін не істеуіміз керек екендігі жайында толғана ойлануға ынталандырады.
Тәуелсіздік күні мерекесі ертеңгі күнге деген сенімімізді арттырып, балаларымыз бен немерелеріміздің жарқын болашағының рәмізіне айналсын және біздің ортақ мақсатымыз бен міндеттерімізді одан әрі ілгерілетуге күш-жігер берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты достар!
Әлібек БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар