Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кең жолақты Интернетке қолжетімділік артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Кең жолақты Интернетке қолжетімділік артып келеді

Ақмола облысында талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы басталды. Өткен жылдың қазан айында Қазақстан Респуб-ликасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы арасында «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне талшықтық-оптикалық байланыс желілері технологиясына сәйкес кеңжолақты қатынауды ұсыну» жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы келісімге қол қойылған болатын. Осыған орай, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы орталық филиалының бас директоры Қажымұрат Жұмабекұлы Темірхановты әңгімеге тарттық.

– Алдымен, оқырманға түсінікті болуы үшін талшықтық-оптикалық байланыс желісіне қысқаша тоқталсаңыз, осы байланыс желілерін салу бағыты бойынша Ақмола облысында қандай жұмыстар атқарылуда?
–Талшықтық-оптикалық байланыс желісі талшықтық оптика элементтері мен құрылғылары арқылы ақпарат беру жүзеге асырылатын оптикалық байланыс желісі. Басқа электр байланысы желілерінен ақпарат беру жылдамдығының жоғарылығымен, аз шығындалуына байланысты алыс қашықтыққа ақпаратты ретрансляторсыз жеткізу мүмкіндігімен, бір немесе көп тасымалдаушы толқындарда модуляциялаудың кең жолақтылығымен, талшық диаметрінің жіңішкелігімен, пайдалануға икемділігімен және арзандығымен ерекшеленеді. Тиімді талшықтық-оптикалық элементтерді жасау, аса ұзын кабельдер мен кең жолақты қабылдағыштардың жасалуы, 104 сағаттан артық жарық көздерінің (лазерлік диодтар мен жарық диодтары) пайда болуы байланыс желілерінің басқа түрлерімен бәсекелестікте талшықтық-оптикалық байланыс желісінің тиімді екенін дәлелдеп келеді.
Бүгінде Ақмола облысының Атбасар, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл, Жақсы, Есіл, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласындағы 23 ауылға талшықтық-оптикалық байланыс желілерін салу бағыты бойынша ауқымды жұмыстар басталып кетті. Оптикалық желілердің құрылысы 2020 жылы аяқталғаннан кейін мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың ауруханалар, мектептер, төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы органдар, қорғаныс нысандары және құқық қорғау органдарының жоғары жылдамдықты Интернетке қосылуы басталады. Мәселен, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 90 мемлекеттік мекеме мен бюджеттік ұйымдарды, ал, екінші жартыжылдықта тағы 39 мемлекеттік мекемені қосу жоспарланған. Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелермен қатар, талшықтық-оптикалық байланыс желілері арқылы қосылған кеңжолақты қызметтер кейбір ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін де қолжетімді болады. Айта кету керек, 2020 жылы Ақмола облысының 13 ауылы бағытында талшықтық-оптикалық желілердің құрылысы жалғасады. Осылайша 2019-2020 жылдар аралығында барлығы 783 шақырымдық оптикалық байланыс желілерінің құрылысы салынады деп күтілуде.
– Бүгінде елімізде кең жолақты Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған үлкен қажеттілік туындап отырғаны белгілі. Осыған орай, цифрлық экономиканың дамуындағы бет бұрыстарға тоқталсаңыз.
– Біз Мемлекет басшысының елдің цифрлық дамуына қатысты тапсырмаларын сапалы түрде орындайтын боламыз. Жолдауда айтылғандай, біздің еліміз цифрлық экономиканың дамуына бет бұрды, қазір 5G, Smart Cities, «Ақылды қала», blockchain, цифрлық активтер, жаңа сандық қаржы құралдары сияқты жаңа технологиялық құбылыстардың дамуына үлкен көңіл бөлінуде. Біздің филиал, Орталық аймақтық телекоммуникация дирекциясы Ақмола облысының ауылдық елді мекендеріне кең жолақты Интернетке қолжетімділікті ұсынатын жобаны жүзеге асыруға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Жоба аяқталғаннан кейін ауылдық жерлерде дәрігерлердің телемедицина сияқты қызметтеріне, сондай-ақ, мектеп оқушылары үшін онлайн-білім, электрондық коммерциялық қызметтер жергілікті жеке кәсіпкерлерге қолжетімді болатыны сөзсіз. Орталық коммуникациялар қызметі үшін сапалы байланыс қызметтерін ұсыну басым бағытта жүргізілуде. Бүгінгі күні Ақмола өңірінде, әсіресе, Көкшетау қаласында оптикалық желілердің құрылысы аяқталған. Бұл жұмыс Краснояр мен «Бірлік» ықшам ауданына дейінгі автожол бойындағы 1027 жеке меншік үйді қамтуда. 14 тұрғын үй кешені кең жолақты оптикалық байланыс желісіне қосылған. 1519 абонент, сондай-ақ, B2B клиенттеріне сымсыз технология арқылы Интернетке жоғары жылдамдықта қолжетімділікті қамтамасыз ететін 14 жабдықты орнату көзделген. Сонымен қатар, Ақмола облысындағы заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың абоненттерінің саны 6 мыңнан асады, оның ішінде 25 мыңнан астам байланыс желілері тіркелген, ал, кең жолақты қолжетімділік – 7 мыңнан астам, оның ішінде 2 мыңнан астамы iD Net болса, 4 мыңы Megaline және 500 данадан астамы LTE/EV-DO. Оған қоса, орталық аймақтық телекоммуникация дирекциясы Ақмола облысының тұрғындарына телефон, жоғары жылдамдықты Интернет, ақылы теледидар, тіркелген ұялы байланыс сияқты байланыс қызметтерін ұсынады. Абоненттерге ыңғайлы практикалық пакеттер ұсынылады, олар әр түрлі деңгейдегі клиенттердің, компьютерлік ойындардың жанкүйері немесе қарапайым қолданушы болсын, барлығының қалауын қамтамасыз етеді.
– Бұл қызметтер жеке деректерді қаншалықты қорғай алады және тұтынушылар арасында сандық теледидарға деген сұраныс қандай?
– Әрине, біздің қызметтеріміз жеке деректерді және балаларды орынсыз мазалаудан қорғауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта абоненттер ұялы телефонның және Интернеттің дәстүрлі түрін қалайды, сондықтан, бүгінгі таңда көптеген тұтынушылар жоғары жылдамдықты Интернет пакеттерін таңдағанды жөн көреді. Мәселен, тарқатыңқырап айтар болсам, Ақмола облысында 96 мыңнан астам абонент кең жолақты Интернетке қосылған, олардың 25 мыңнан астамы iDNet пайдаланушылары, 68 мыңнан астамы Megaline, екі мыңнан астамы LTE/EV-DO қолданушылар. Компания тұтынушылары арасында сандық теледидарға деген сұраныс 2019 жылы да артып, iDTV-ге қосылған абоненттер саны 16 мыңнан асты. Сонымен қатар, тіркелген желідегі абоненттер саны 150 мың болса, ал ұялы байланыс бойынша 81 мың адамды құрайды.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап Ақмола облысының қалалары мен аудандарының техникалық мүмкіндіктері бар тұрғындары үшін 500 Мбит /секунд жылдамдықпен Black, Silver, Light жеңіл пакеттердің жаңа желілері қолжетімді болды. Сондықтан, оқырмандар тарифтік жоспарлармен толығырақ немесе қызмет көрсету желісі нүктесімен telecom.kz порталында таныса алады. Тағы бір айтарым, Көкшетау, Степногорск, Щучинск және Ақкөл қалаларында бұлтқа негізделген бейнебақылау жүйесі көптеген қолданушылар арасында сұранысқа ие. Бүгінгі күні 1288 бейнебақылау камералары, төрт қаланың 654 кіре берісінде орнатылған. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында 1028, Степногорск қаласындағы 96, Щучинскіде 164, Ақкөлде 20 бейнекамера орнатылды. Бұл қызмет көп пәтерлі үйлердегі қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлы өмірін қамтамасыз етуге бағытталған.
– «Бұлтты бейнебақылаудың» басты артықшылығы неде және мұны кімдер пайдалана алады?
– Бұл жоғары сапалы бейне, оны мобильді құрылғыларда және «Қазақтелекомның» жеке кабинетінде Интернеттегі қолданушылар онлайн-режимде пайдалана алады. Қауіпсіздік туралы айтатын болсақ, қызметке қосылған абоненттер ғана қосымшаны пайдалана алады. Жүйенің ішінде барлық қозғалыстар толығымен жазылады. Осылайша біз абоненттердің зиянкестерден қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Пәтер иелері кооперативі төрағаларының пікірлері бойынша, көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрғын үй кешені тұрғындары және келушілер тарапынан вандализм мен ұсақ бұзақылық әрекеттер азайды. Сонымен қатар, бұлтқа негізделген бейнебақылаудың артықшылығы бейне материалдарды компанияның деректер орталығында серверлерде сақтау болып табылады, яғни, вандализм жағдайында жазбалар сақталады. Бүгінгі таңда абоненттер үшін ақпаратты сақтау мерзімі жеті күн, алайда, компания оны ұлғайту үшін жұмыс істеуде. Іскер клиенттер үшін қызметтік бейнені 30 күнге дейін сақтау мүмкіндігі қамтылған. Айта кету керек, жыл соңына дейін абоненттер үшін күнтізбелік айда тегін пайдалану акциясы жарамды. Сонымен қатар, қызметті пайдаланғаны үшін абоненттік төлем құны орташа есеппен 350 теңгені құрайды. «Қолжетімді бағаның арқасында біздің абоненттеріміз жеке мүліктің қауіпсіздігі үшін қалыпты бола алады.
– Сонда мобильді қосымшаның көмегімен абоненттердің кіру тобында не болып жатқанын онлайн режимінде бақылауға бола ма? Ал, «Ақылды үй» қызметінің жұмысы қалай жүзеге асуда?
– Өте орынды сұрақ. Бұл қызметтің қосымша артықшылығы –тұтынушыларға қауіпсіздік құралдары мен қауіпсіздік техникасын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, онлайн режимінде бақылауға болады. Сонымен бірге, бүгінде біздің клиенттеріміз Ресей мен ТМД-елдерінің ең танымал онлайн-кинотеатр болып табылатын ivi-дің заманауи ақылы ТВ қызметін өз қызмет пакеттерінен сатып ала алады. Қызметтің артықшылығы – ivi Ресей медиакомпаниясы негізінде қолданушылар еш жерде таратылмайтын ерекше мазмұнды көре алады. Мүмкін, бұл тек ivi мен авторлық құқық иелері арасындағы ерекше келісім-шарттардың көптігімен байланысты шығар. Айта кету керек, ivi қызметін қосқан абоненттер бір ай бойы ақысыз пайдаланады. Оған қоса, үйде қауіпсіз, үнемді және жайлы өмір сүруге арналған заманауи технологиялар жүйесі болып табылатын «Ақылды үй» қызметі орталық аймақтық телекоммуникация дирекциясының клиенттері арасында танымал бола бастады. Мысалы, «Ақылды үй» қызметінің негізгі пакетіне бейнебақылау камерасы, есікті ашатын сенсор, қозғалыс және түтін датчигі кіреді. Сондай-ақ, инновациялық қызметтің тағы бір артықшылығы – абонентке клиенттік жабдық сыйлық ретінде ұсынылады, клиентке датчиктар мен бейнекамералар тегін орнатылады және Қазақстан нарығында «Ақылды үй» қызметін ұсынудың ұқсас жағдайлары қамтамасыз етіледі. Абонент пәтердегі немесе үйдегі қауіпсіздікті мобильді құрылғыдағы қосымшамен жеке кабинетке кіру арқылы басқаратын болады.
Бүгінгі таңда «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы клиенттер үшін жаңа инновациялық қызметтерді әзірлейтін және енгізетін ең ірі мультисервистік байланыс операторы болып табылады.
–Қажымұрат Жұмабекұлы, әңгімеңізден өңірімізде байланыс желілері туралы ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанынан хабардар болдық. Рахмет.
Сұхбатты жүргізген Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар