Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жергілікті жолдарды жөндеу мәселесі талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Жергілікті жолдарды жөндеу мәселесі талқыланды

Ақмола облыстық мәслихатында өткен «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуден өткізу жайы талқыланып, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы бірқатар жауапты тұлғалардың баяндамалары тыңдалды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Арсен Жанғасқанов сөз алып, облыс бойынша биылғы жылға жоспарланған облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуден өткізу барысында туындаған проблемалық мәселелер жайлы айтып берді. Баяндамашының мәлімдеуінше, үстіміздегі жылы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуден өткізуге 21,6 миллиард теңге қаржы бөлініп, барлығы 411 шақырым жол жөнделген және салынған. Олардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласының айналасында орналасқан елді мекендерді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Астананың айналасындағы елді мекендерде тағы 55 шақырым жолды, атап айтсақ көше-жол желілерін жөндеу көзделіп отыр.
Биыл республикалық бюджеттен қаржыландырылған маңызды жобалардың бірі ретінде баяндамашы «Ауыл – ел бесігі» жобасын атап өтті. Бұл жоба аясында Астрахан, Аршалы және Зеренді аудандарында жолдарды жөндеуге бөлінген 1,5 миллиард теңге игерілгенін, міндет толығымен орындалғанын айтқан басқарма басшысы қаланың шеткері аймақтарын дамыту жобасына тоқталды. Жобаны іске асыруға мемлекеттен бөлінген 3,1 миллиард теңгеге Қосшы және Жібек-Жолы ауылдарында ауылішілік көше жолдары жөнделуде.
–«Бірлесіп қаржыландыруды облыстық бюджет көтере бермейді. Алайда, жолдарды жөндеу керек. Жол тіршіліктің күретамыры», – деген басқарма басшысы Арсен Жанғасқановтың сөзін облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, Үкіметке бірлесіп қаржыландыру пайыздарын азайту туралы ұсыныс жасайтын болып келісті.
Сонымен қатар, отырыста облыстық мәслихаттың депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жетекшісі Әсен Жақсылықовтың, Ақмола облысы әкімі аппаратының этика жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділованың, Көкшетау қаласы әкімі аппаратының этика жөніндегі уәкілі Еркебұлан Қалеловтың есептері тыңдалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар