Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бизнес жобаларын кедергісіз жүргізуге мүмкіндік беретін келісім - АРҚА АЖАРЫ

Бизнес жобаларын кедергісіз жүргізуге мүмкіндік беретін келісім

«Protecting Business and Investments» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ақмола облыстық департаментінің «Anticor ortalyǵy» сервистік орталығының алаңында облыстың ірі кәсіпорындарының басшыларымен іскерлік кездесу өтті.

Кездесу барысында департамент басшысы Мұрат Төлеубаев бизнес-қауымдастық өкілдеріне сенім мен өзара ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, бизнес өкілдерін шенеуніктер тарапынан кез-келген қысымнан қорғауға барынша жәрдемдесетінін айтты.
Айта кету керек, бұдан бұрын жоба аясында департамент «Кокшетауминводы» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Новопэк» ЖШС, «Камаз Инжиниринг» АҚ, «Бижан» ЖШС, «Намыс» ЖШС, «Көкшетау автобус паркі» ЖШС, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС, «Виччи» ЖШС, «Сафди» ЖШС, «Пробилд» ЖШС, «СТ Жилстрой» ЖШС сияқты кәсіпорындармен 28 келісімге қол қойған болатын.
Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен қамтылғандар қатарына «Айдабол Көкше» ЖШС, «Натур продукт» ЖШС, «Восток Моторс» ЖШС кәсіпорындарының инвестициялық жобалары қосылды, олардың басшылығы әкімшілік кедергілердің алдын алуға және облыста оң іскерлік ахуал құруға үміт білдірді.
Барлық қызықтырған мәселелер мен өзара тиімді ынтымақтастық жөніндегі алдағы жоспарларды талқылай келе, кездесуге қатысушылар бірлескен қызмет туралы келісімдерге қол қойды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар