Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Фариза ақынның жыр әлемі - АРҚА АЖАРЫ

Фариза ақынның жыр әлемі

«Кітап – білім бұлағы»,–деп тегін айтылмаса керек. Шәкірттердің білімін, ой-өрісін дамытуда кітапханалардың алатын орны ерекше. Осы орайда, Елордадағы №5 орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің атқарып отырған жұмысын ерекше атап өтуге болады.

Жуырда осы мәдениет ошағының Абай залында Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына арналған «Өлең, мен сені аялап өтем…» атты Фариза оқуларының екі кезеңі болып өтті. Оған Астанадағы білім ордалары мен іргелес орналасқан елді мекендердегі мектептерден 80 оқушы қатысты.
Ақын апамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқу мен өлеңдерге жазылған әндерді орындауға сайысқа түскен 80 өреннің 33-і екінші турға өткен болатын.
Бұл өнер байқауының мақсаты жастардың кітапханадан рухани қабілеттерін дамыту. Кітапхана – өнер, білім ордасы, жастарды ізгілікке тәрбиелейтін қасиетті орын. Кітабы көп елдің рухы – биік, ғұмыры мәңгі.
Аталмыш іс-шараға 5-10 сынып аралығында 80 оқушы, политехникалық және қаржы колледжінің студенттері қатысты. Фариза оқуларына қатысқан шәкірттердің өнеріне баға беретін әділ қазылар қатарына Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, ұстаз, ақын Оспан Сүлейменов, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің жүлдегері, айтыскер ақын Айдана Сегізбаева, қазақ радиосының ардагері, диктор, «Мен жалындап өтемін…» атты І республикалық байқауының көркемсөз аталымының жеңімпазы Күләш Молдахметова, ақын Сейтмұхаммед Алауов, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің жүлдегері, Galamger.kz порталының бас редакторы Айжан Табараққызы болды.
Әділ қазылар алқасының ұйғарымы бойынша 5-8 сыныптар арасында бірінші жүлдені Аружан Төлегенова иеленсе, екінші орынды Әлихан Еркінбек пен Нұрайым Бейсеханова олжалады. Ал үшінші жүлде Әділет Фазылов, Хайролла Жақсылық пен Аружан Рахымжановаға берілді. Galamger.kz әдеби-танымдық порталының бас редакторы Айжан Табараққызы арнайы жүлдені қаржы колледжінің студенті Мерген Іңкәрға табыс етті.
Ал, 9-10 сыныптар арасындағы оқушылардың байқау қорытындысынды Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Мақпал Батталова бірінші жүлдені иеленіп, оған әділ қазылар алқасы ақынның өлеңін мәнерлеп оқудағы шеберлігіне жоғары баға берді. Жақып Гузаль мен Балжан Көгенбаева екінші жүлдені, Амира Дүйсен мен Аружан Мақтаева байқаудың үшінші жүлдесін олжалады.
Мәдени шараны ұйымдастыру барысында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мемлекеттік сыйлықтың иегері Кеңес Нарымбайұлы құттықтау сөз айтып, өлең оқып оқушыларға батасын берсе, қазақ радиосының ардагері, диктор Күләш Молдахметова да құттықтап, Фаризаның өлеңін оқыды.
Фариза оқуларын әсем әндермен Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік филармониясының әртістері Данияр Мұқан мен Мұратбек Хайролда әрлендіріп отырды. Мәдени шара соңында шәкірттерді осы байқауға әзірлеген ұстаздар мен тәлімгерлер Алғыс хаттармен және кәдесыйлармен марапатталды. Елордадан жүлдемен оралған Мақпалды сыныптас құрбылары бұл табысымен қызу құттықтап қуанышына ортақтасты.
Гүлнар АЙЗАХМЕТОВА,
10 «ә» сынып жетекшісі.
Жібек жолы ауылы,
Аршалы ауданы.

Суреттерде: мәдени шарадан көріністер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар