Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихы тартымды алтын аймақ - АРҚА АЖАРЫ

Тарихы тартымды алтын аймақ

Көкшетау тарихын тілге тиек етер болсақ, Ақмола өңірін де сөз етпеу, тарихына қысқаша болсын, тоқталмау мүмкін емес. Ақмола облысы заман зобалаңымен талай тоқырауды, сонымен бірге, талай жұлдызды кезеңдерді басынан өткізген аймақ.

Тарихқа жүгінсек, халық қамқоршысы, би, философ, дана Асан қайғы Ақмола өзеніне қарап, «Ақ суың бал татитын, ақ шабағың май татитын екен» деп тамсанған дейді. Бұған қосымша тағы бір дерекке назар салсақ, Ақмола даласының сан ғасырлардан белгілі екендігіне көзіміз жете түседі. «Ақмола даласы Ресей жеріне қарағанда, ең маңызды керуен жолы болды, деп жазды Гладышев пен Муравьев есімді зерттеушілер. Бұл жолмен 1283 жылы Италия саяхатшысы Рубик Еділден бастап, Жайықтың жоғары жағынан Созақ, Құмкент арқылы Іле қаласына дейін жүріп өткен. Орта Азиямен байланыстыратын маңызды керуен жолы болды. «Ол жолмен тауар тиеген керуендер жүретін еді, сондай-ақ, бұл жолмен талай рет Ресей және Батыс елшілері жүріп өтті» деп сол заманның өзінде-ақ «Ақмола даласы» деген сөз тарихқа енгендігін көрсетеді.
1918 жылға дейін орталығы Омбы қаласы болған Ақмола облысының құрамында Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Омбы және Петропавл уездері болды. 1918 жылдың қаңтар айында Ақмола облысы Омбы губерниясы болып өзгертілді. «Ақмола облысы» деп азамат соғысы аяқталғанға дейін аталды. 1921 жылы 25 сәуірде Қазақ Автономиялық Республикасының құрамында Ақмола губерниясы құрылады. 1928 жылға дейін орталығы Петропавл қаласы болған. Аудандастыру нәтижесінде Ақмола және Атбасар уездерінің аумағында Ақмола округі құрылады. 1928-1930 жылдар аралығында оның құрамына 15 аудан кірді.
1931 жылдың басында аудандар нығайтылып, тікелей республикалық орталыққа бағынды. 1926 жылдағы халық санағы бойынша қала халқының саны 12781 адамды құрады. Кешегі Целиноград, одан Ақмола, ал, бертін еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында бұл көрсеткіш едәуір өсіп, 738013 адамға жеткен. Соның 50 пайыздан астамы қазақ ұлты. Ақмоланың қазіргі мақтанышы сары даланың төрінен орын алған мемлекеттің астанасы Нұр-Сұлтан қаласы. 1998 жылы ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласына көшірілгеннен бері небары 22 жыл ішінде, әлемнің ең жас әрі ең көрікті қалаларының қатарына қосылды. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің қалаларымен теңесті.
Ақмола облысының тарихында талай елеулі оқиғалар өрбіді. Саяси қуғын-сүргін кезеңі, алапат соғыс, тоқырау мен тәуелсіздіктің қилы кезеңімен жүріп өтіп, қазір дербес мемлекеттің астаналық облысы дәрежесінде тарих сахнасында берік орын алды.
Арман ИСАЕВ,
Ақмола обылысының ведомстволық архивтерге бақылау
жасау бөлімінің архивисі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар