Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауданда 465 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда - АРҚА АЖАРЫ

Ауданда 465 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда

Елімізде 2001 жылдың 17 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңы уақыт өте енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен осы күнге дейін қолданылып келеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ел халқына арнаған Жолдауында:
– Мемлекетімізде масылдыққа жол берілмейді, қол-аяқтары бүтін жандар еңбек етіп, табыс тауып, отбасын асырауға міндетті, ал әртүрлі жағдайларға, олардың ішінде денсаулығына байланысты жұмыс атқара алмайтын, табыстары төмен, көп балалы отбасыларға, мүмкіндіктері шектеулі санаттағы тұлғаларға арнайы жәрдемақы төленеді, – деген болатын.
Бүгінгі таңда Зеренді ауданының әр ауылдық отбасының материалдық жағдайына қорытынды жасайтын учаскелік комиссиялар құрылып, жұмыс істеуде. Комиссия ұсыныстарына сәйкес, отбасының уақытша өмірлік қиындықтардан өтуіне жәрдем беру ретінде төленетін атаулы әлеуметтік көмекті аудан бойынша 2317 адамнан тұратын 465 отбасы алуда. АӘК алушыларға 2019 жылдың 11 айында 234 миллион 678 мың теңге төленген. Өңірде аталған көмекті ұтымды пайдаланушылардың да саны айтарлықтай. Оған 103 отбасының өмірлік қиын жағдайлардан шығулары себеп болып, төлемдер жасау тоқтатылғаны нақты дәлел бола алады.
Олардың қатарында Викторовка селосының тұрғыны Имантай Энхцэцэг, Өзен елді мекенінен Альмира Тастемірова, шағалалықтардан Гүлмира Азмағамбетова, көп балалы ана Наталья Трошкина, Молодежное селосының тұрғыны, бес баланың анасы Ирина Штаутынгер, зеренділік Қазиза Сыздықаева және тағы басқалары бар. Есімдері аталғандардың бірі бөлінген қаражатқа жеке шаруашылығына ірі қара мал, қой түлігін сатып алса, басқалары болашақта ашатын шағын кәсіпкерлік қызметтеріне қажетті арнайы құрал-жабдықтар, сатып алуға, үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, балаларының жоғары оқу орнындағы оқуларына төлем жасауға жұмсаған.
Сонымен қатар, АЭК-ке өтініш білдіргендерге Қазақстан Республикасының «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша мамандық алуға, кәсіби курстардан өтуге ұсыныстар жасалуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар