Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Буын аурулары - АРҚА АЖАРЫ

Буын аурулары

Буын ауруларын емдемес бұрын неден пайда болғанын анықтап алған дұрыс. Ол үшін қан сараптамалары, рентген тексерулері жүргізіледі. Нәтижесінде, сараптама қорытындысына сәйкес ем тағайындалады.

Буын ауруларының түрлері:
Сорбуын (артрит). Бұл буын қабынуынан сүйекке зақым келтіреді. Нәтижесінде, буындардың қалыпты жұмысы бұзылып, қисаяды, сіңірлер мен бұлшық етті зақымдайды.
Шорбуын (артроз). Ағзаға қоректік заттың сіңбеуінен шорбуын пайда болады. Бұл 55 жастан асқан жандарда жиі кездеседі. Ауырған адамның түнге қарай буындары күтірлеп, ауруы күшейеді.
Коксартроз. Буын ауруының бұл түрі жамбас буындарының зақымдалуы, буын шеміршектерінің бұзылуынан пайда болады. Нәтижесінде, адам жүрген кезде ауру ұлғайып, буынның қозғалуы қиындайды.
Остеоартроз. Сүйек құрылысының зақымдалуынан болатын остеоартроз сүйектің тығыздығын кемітеді. Ал, тығыздығы кеміген сүйек сынғыш болады.
Подагра. Бұл адам бойындағы айналыс заңының бұзылуынан туындайды. Подагра кезінде науқастың буындары ісініп, қатты ауырады.
Буын аурулары неден пайда болады?
Буын аурулары адам ағзасында тұқымқуалаушылық сипатта және жүре пайда болады. Жүре пайда болатын буын ауруларына темекі шегу, артық салмақ және түрлі аллергиялар себеп болады. Сондай-ақ, буындардың қабынуы мына себептен болуы мүмкін:
• сүйектің сынуы;
• инфекция;
• өзіндік иммундық аурулар, буын қызметінің нашарлауы;
• буындардағы шеміршек майының таусылуы;
• жарақат салдарынан сынған сүйектердің дұрыс бітпеуі;
• ревмотологиялық аурулар;
• остеартроз салдары;
• экологиялық ахуалдың нашарлығы;
• жейтін тағам мен ішетін судың сапасыздығы;
• қимыл-қозғалыстың аздығы мен көп салмақ қосу;
• буындарға артық салмақ салу.
Буын аурулары науқаста болса, мына белгілері байқалады
• буындардың ауруы, қақсауы;
• буындардың ісінуі;
• буын айналасының қызуы;
• буын айналасындағы терінің қызаруы;
• буындардың қимыл-қозғалысының шектелуі (бүгілмеуі немесе жазылмауы);
• ауыр жағдайларда безгек, әлсіздік және лейкоциттердің көбеюі мүмкін.
Үй жағдайында емдеу жолдары
Ағзаға кальций мен натрийдің жетіспеуінен буынның қозғалу қабілеті төмендейді. Сол үшін үй жағдайында ешкінің сүті, орамжапырақ шырынымен буынға мына емдік әдістерді жасауға болады.
• Ауырған буынды балмен сылап, орамжапырақтың үшінші қабатын жұмсартып, бал жағып 3-4 сағатқа орап тастайды. Осы емдеу тәсілін 10 күн бойы жасауға болады.
• Бір сарымсақты езіп, 100 грамм лимон шырынына қосады. Лимон мен сарымсақ қалдығын қайнаған суға салып, жылылай жауып қояды. Күніне ұйықтар алдында осы қоспаны ішуге болады. Емдеу тәсілі 10 күнге созылады.
Буын ауырса, омыртқаның қызметіне әсер етеді де, организм шаршайды. Сондықтан, аурудың алдын алған абзал. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар