Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлықпен, көлеңкелі экономикаға қарсы күресу керек - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлықпен, көлеңкелі экономикаға қарсы күресу керек

Көкшетау. 26 желтоқсан. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысында Бурабай ауданындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын, сондай-ақ, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы мәселе талқыланды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев баяндама жасады. Аудан әкімі жемқорлық заң бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты баяндап берді. Осы ауданның Зеленобор селолық округінің әкімі 500 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Аудан әкімінің өкімімен ауыл әкімі қызметінен босатылған. Көкшетау қалалық сотының шешімімен ол ірі көлемде айыппұл төлеп, мемлекеттік қызмет істеу құқығынан айырылды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов баяндады. Көлеңкелі бизнеске қарсы іс-қимыл жоспары 23 пункттен тұрады, оның 22-і орындалып, біреуі орындалу үстінде. Жоспар негізінен төрт бағытты қамтиды: қоғамдық бақылау институтын қалыптастыру; жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; стратегияны жүзеге асыруға мониторинг жасау және мемелкеттік қызмет саласындағы жемқорлықтың жолын кесу. Мемлекеттік қызмет саласындағы жемқорлықтың жолын кесу мақсатында облыс әкімдігі жеке тұрғын үй салуға қажетті жер телімдерін беру жөніндегі заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныспен Ауыл шаруашылығы министрлігіне шыққан еді. Бұл ұсыныс қазір министрліктің комитетінде талқылануда. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыс аумағындағы 660 мекемеге мониторинг жүргізген. Мониторинг қорытындысына сай, 30 видео-естелік дайындалып,
ол Ютуб каналға орналастырылды.
Департамент қызметкерлері 87 мекемеге қатысты «құпия сатып алушы» тәсілімен 268 тексеру шарасын жасады. Соның нәтижесінде 11 заң бұзушылық анықталып, 4 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды және заңсыздықты қалпына келтіру жөнінде 29 ұсыным жасалды. Жыл басынан бері облыс әкімдігі мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 87 семинар, дөңгелек үстел шарасын өткізіп, телевидение арқылы 17 рет сөйлеген және ақпарат құралдарына 147 мақала жариялап, 11 жемқорлықтың алдын алу тақырыбындағы видеоролик түсірген.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі жемқорлықтың алдын алу, көлеңкелі бизнестің жолын кесу мемлекеттік маңызы бар мәселе екендігін айта келе, бұл бағыттағы жұмысты ешқашан босаңсытуға болмайтынын ескертті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар