Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағыт – сала әлеуетін толық пайдалану - АРҚА АЖАРЫ

Бағыт – сала әлеуетін толық пайдалану

Өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 500,9 миллиард теңгеге дейін жеткізілді. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені саласына 44 миллиард теңге инвестиция тартылды.

Мемлекеттік қолдау түрінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 36 миллиард теңге бөлінді. Жергілікті жерлерде еңбек өнімділігін 2,5 есе көбейтуге бағытталған агроөнеркәсіп секторын дамыту жұмысы жүргізілуде. Биылғы жылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 5,1 миллион тонна астық жиналды. Жиналған астықтың 1,8 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Суарылатын жер көлемі 3,1 мың гектарға ұлғайып, 24,1 мың гектарды құрады. Бұл көрсеткішті 2030 жылы 136 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 1,6 миллион гектар алқапқа 26,5 мың тонна көлемінде аммофос пен аммиак селитрасы тәрізді тыңайтқыш енгізді. 2022 жылы минералдық тыңайтқыш енгізілетін алқаптардың көлемін 2,4 миллион гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.
Тек өткен жылы элиталық тұқым себілген егіс алқабы 360 мың гектарды құрады. Асыл тұқымды ірі қара мал 32 мың басты құрады. Облысқа Австралия, Чехия, Словакия мен Ресейден 6 мың бас ірі қара әкелінді. Сүтті мал шаруашылығы бойынша қуаты 400-1200 басқа арналған 5 ірі тауарлы сүт фермасын құру жобасы қолға алынды. Ет өңдеумен айналысатын 15 кәсіпорын биылғы жылдың 10 айында 42,4 мың тонна ет өндірді. Өңірдегі өңделген сүт өндірісінің көлемі 62,2 мың тоннаны құрады. Макинск құс фабрикасының бірінші кезегі жүзеге асырылуымен құс етін өндіру 2 есе өсті. 2020 жылы екінші кезең жүзеге асырылғаннан кейін Макинск кәсіпорыны Қазақстандағы құс етінің ішкі рыногы қажеттілігінің 15 пайызын қамтамасыз етіп, еліміз бойынша бұл өнім импортының үштен бірін жабады. Бурабай ауданында мрамор етін өндіретін ірі ет кешені ашылып, барлық өңірге «зәкірлік» кәсіпорын атанды. Кәсіпорынға ет өңдеудің қазіргі заманғы технологиясы енгізілді. Кешеннің жылдық қуаты 2 мыңнан 6 мың тоннаға дейін көбейтілді. Облыста астық өндірісімен айналысатын кәсіпорындар биылғы жылдың 10 айында 276,4 мың тонна өнім өндірді.
Астықты терең өңдеу бағыты аясында «Урожай» серіктестігінде жылына 12 мың тонна жарма өндіретін зауыт пайдалануға берілді. Сондай-ақ, кәсіпорынды шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін диірмен кешені іске қосылды. Облыстың өсімдік майын өндіретін кәсіпорындары 10 айдың ішінде 20,8 тоннадан артық май сатты. Импортты ауыстыру аясында жылдық қуаты 36 мың тоннаны құрайтын май экстракциялық зауытын салу жос-парлануда. Астананың айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту аясында 2009-2019 жылдары 138,1 миллиард теңгенің 148 жобасы жүзеге асырылды. Биылғы жылдың 10 айында Астанаға 23,7 мың тонна ет және ет өнімдері, 101,9 мың тонна сүт өнімдері, 238 миллион дана жұмыртқа, 74,8 мың тонна картоп, 24,4 мың тонна көкөніс тасымалданды. Ақмолалық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімі 44 сауда орнында сатылады. Астанада «AQMOL» сауда жүйесінің фирмалық дүкендері ашылуда. Бүгінгі күні 5 дүкен ашылып, 390,2 миллион теңгенің 230 тонна әртүрлі өнімдері сатылды.
Биылғы жылы облысымыздың ауыл шаруашылығы саласын қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көлемі 36 миллиард теңгені құрады. Гербицидтер құнын арзандатуға бағытталған бағдарлама аясында субсидия нормативін 50 пайызға дейін жеткізудің арқасында облыс аграршылары жаздық егістің барлық алқабында химиялық өңдеу жүргізді. Өткен жылы Бараев атындағы Шортанды астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының 3 мың гектар алқабында нақты жер өңдеу полигоны құрылды. Жалпы, шығынды үнемдеу жер өңдеудің дәстүрлі жүйесімен салыстырғанда 16-25 пайызды құрады. Өткен жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерлеріне космостық мониторинг жүргізіле бастады. Бұл жұмыс биылғы жылы да қолға алынуда. Бұл дала жұмысын жедел түрде өткізудің агротехникасы бойынша оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Мал шаруашылығы саласын цифрландыру негізінен, тауарлы сүт фермаларында қолданылуда. Жүйеде қолда бар мал жөніндегі нақты мәлімет малды азықтандыруды түзетуге, сондай-ақ, зоотехникалық және ветеринарлық шараларды уақытында өткізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл бағдарламаны қолданбайтын шаруашылықтармен салыстырғанда, жалпы сүт сауу 6-7 пайызға көбейді. Сондай-ақ, «Щучинский гормолзавод», «КазБифф ЛТД», «СК Фууд» серіктестіктері тәрізді ет бағытындағы фермаларда автоматтандыру шаралары жүргізілуде. Облыстың мал шаруашылығында малды идентификациялау бойынша мәлімет базасы мен селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты дамытуға бағытталған ақпараттық талдау жүйесі қолданылады.
Димаш ТАЛАСБАЕВ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар