Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көшпелі мәжіліс жұмысқа серпін береді - АРҚА АЖАРЫ

Көшпелі мәжіліс жұмысқа серпін береді

Жарқайың ауданының орталығында Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төралқасының кезекті көшпелі отырысы болып өтті.

Төралқа отырысында «Жарқайың аудандық ардагерлер кеңесінің зейнеткерлерді әлеуметтік қорғауда және медициналық қызмет көрсетуде мемлекеттік органдармен және тағы басқа құрылымдық ұйымдармен бірлесіп атқарған жұмысы туралы» мәселе қаралып, Жарқайың аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ө.М.Шыңғұлова баяндама жасады. Ол өз сөзінде зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау және медициналық қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Ол өзінің баяндамасында:
–Қазіргі уақытта ауданда 2 248 зейнеткер бар, бұл жалпы аудан тұрғындары санының 15 пайызы болып табылады. Аудандық кеңестің құрамына 28 бастауыш ардагерлер ұйымдары енгізілген, олардың қатарында 2 100 зейнеткер тіркелген. Аудандық ардагерлер ұйымында соғыс ардагеріне, соғысқа қатысушыларға және тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік карталар құрастырылып, онда көрсетілетін қызметтердің тізімдері жасалған, олардың көкейтесті мәселелері және мұқтаждары бейнеленген.
Сөз жоқ, ардагерлердің тіршілік деңгейінің өсуіне тікелей ықпал ететін бүкіл түбегейлі көкейтесті мәселелер ауданның ардагерлер ұйымының ауданның мемлекеттік органдарымен және басқа да құрылымдарымен тікелей байланысы арқылы ғана шешіледі, өйткені, олар орын алған барлық көкейтесті мәселелердің маңыздылығы мен өткірлігін түсінеді және де қабылдаған шешімдерімен аға ұрпақтың тыныс-тіршілігінің сапасы мен деңгейіне қолдау жасайды.
Өткен есепті мерзім ішінде кеңес өз жұмыс формасы мен әдістерін қолданудың нәтижесінде егде адамдардың өмір сүру деңгейін және сапасын жақсартуға қол жеткізді,–деп атап көрсетті.
Аудан әкімінің орынбасары Г.М.Байегізова аудандық ардагерлер кеңесінің аудандық әкімдікпен, аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау бөлімімен өзара іс-қимылы туралы ойын ортаға салды. Сонымен қатар, зейнеткерлердің бос уақыттарын өткізу және демалыстарын ұйымдастыру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту, аға ұрпақ азаматтар үшін жасалған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша бірлесіп шаралар мен акциялар өткізуге тоқталды. Барлық жобалар жергілікті жердегі бастауыш ардагерлер ұйымдары төрағаларының, аудандық ардагерлер кеңесінің, волонтерлердің қатысуымен ойдағыдай жүзеге асырылып жатқандығына баса назар аударды.
Жарысөзге қатысқандар – облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі Р.С.Гануллин, Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.М.Үсіпов, облыстық ардагерлер кеңесі денсаулық сақтау бо-
йынша тұрақты комиссиясының төрайымы Б.Б.Байлина, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.К.Айтжанова, аудандық аурухананың бас дәрігері Р.Т.Есмағұлов, Пригородное селосы бастауыш арадагерлер кеңесінің төрайымы Н.Н.Лушникова өз сөздерінде аудандық ардагерлер кеңесінде зейнеткерлерді және мүгедектерді әлеуметтік қолдауға, медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға және егде адамдарды жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде зейнетке шыққан барлық егде адамдарға тегін медициналық қызмет көрсетілетін болады. Аудандық кеңестің атқарып жатқан осындай жұмыстарының барлығына аудандық әкімдік және ауданның басқа мемлекеттік құрылымдары қолдан келген көмектерін көрсетуде. Төралқа жұмысының соңында Ғосман Төлеғұл ауданның ардагерлер қозғалысының белсенді мүшелеріне облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттарын табыс етті.
Үкітай АХМАДЕЕВ,
Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар