Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің, полицияның және жол қызметінің қызметкерлері Жаңа жыл мерекесінде облыс жолдарында ондаған адамдарды қарлы бораннан құтқарды.
Жаңа жылдың алғашқы боранды күнінде құтқарушылар жүздеген машиналарды қарлы жолдардан эвакуациялады, талай адам жылыту орындарына орналастырылды. 31 желтоқсанда «Қазгидромет» РМК алдын ала ескерткен күрделі метеорологиялық жағдай үлкен қиындық туғызды.
Облыс жолдарының бес учаскесінде көліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды. Елді мекендерден шығуда 22 жылжымалы бақылау-өткізу пункті қойылды, жағдайды қалыпты ұстауға ондаған автомобильдер мен жүздеген құтқарушылар мен төтенше жағдайлар күштері жұмылдырылды. Өткізу пункттерінде төтенше жағдайлар және жергілікті полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 394 түрлі көлік, бес жүзден астам адам аман-есен елді мекендерге оралды. Сонымен бірге, авариялық-құтқару жұмыстары Шортанды, Жақсы және Аршалы аудандарында жүргізілген апатты-құтқару жұмыстарының нәтижесінде де қар құрсауынан техникалар мен адамдар эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.