Аз қамтылған көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмектің үш түрі көрсетіледі. Жаңа атаулы әлеуметтік көмек отбасылық кіріске қарамастан барлық көп балалы, яғни, 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі. Егер бұл отбасы табысы бойынша аз қамтылған отбасы санатына жататын болса, онда бұл отбасыға жаңа жәрдемақыдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бұған қоса, кепілдікті әлеуметтік топтама ұсынылады. Сондықтан, аз қамтылған, көп балалы отбасы болса, аталмыш көмектің барлық үш түрін алады.