Бұланды ауданында өткен жылы 248,1 мың тонна астық жиналды. Бұл табыста еңбек десе ерінбейтін талай атпал азаматтардың маңдай тер үлесі бар.
Егін орағы науқанында диқандардың, қырман, элеватор мен астық қабылдау пункттері жұмысшыларының еңбектері бір төбе. Олар астықты шашпай-төкпей жинап алып, өңдеумен айналысты. Солардың бірі – Алексей Вагизов «Арна» астық қабылдау кәсіпорны» серіктестігінде 2012 жылдан бері астық қабылдайтын оператор болып жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде ұжымның құрметіне бөленген оны басшылар да мақтайды. Өйткені, тәжірибе жинақтаған Алексей өз жұмысын сапалы орындайды.
Оның участогы жауапкершілікті талап етеді. Астықты сапасы мен класы бо-
йынша дұрыс бөліп, жүк автокөліктерінің тоқтамауы үшін автоматтық қабылдаудың барлық жұмысын реттеу қажет. Алексей өндірістік мәселені тез арада шешеді. «КШП» машинисін ауыстырумен бірге сепараторшы міндетін атқарады. Элеваторға құйылатын астық сепаратор арқылы тағы да тазаланады.Алексейдің анасы мен жұбайы элеватор мен нан өндірісінде жұмыс істейді. Вагизовтар әулетінің ел ырыздығы – алтын астыққа деген көзқарасы ерекше.
Айгүл АМАНЖОЛОВА.
Суретте: еңбек озаты Алексей Вагизов.
Бұланды ауданы.