Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы өсті - АРҚА АЖАРЫ

Бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы өсті

2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, АӘК және табысы аз отбасылардың балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтама үшін 327 млрд теңге көзделген
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларының 2020 жылы жүзеге асырылуы туралы айтты.
Вице-Премьер өз сөзінде жаңа жылдан бастап 500 мың педагогтың еңбекақысы 25% – ға, 215 мың дәрігер мен медбикелер тиісінше 30% – ға және 20% – ға, 25 мың әлеуметтік қызметкер мен 34 мың мәдениет, өнер және мұрағат қызметкерлері 30% – ға артқанын атап өтті.
Сондай-ақ, 2,2 млн.зейнеткердің әлеуметтік төлемдері 7% – ға, 4 млн. астам әр түрлі мемлекеттік жәрдемақы алатындар 5% – ға, МӘСҚ-тен 132 мың әлеуметтік жәрдемақы алатындар 30%-ға арттырылды. Жалақы мен әлеуметтік төлемдердің өсуі жалпы 7,2 млн адамды қамтиды. Жалпы, мемлекеттік бюджеттен әлеуметтік салаға арналған шығыстар үлесі 47% – дан 50% – ға дейін артты.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет алдына АӘК тағайындау тетігін оның ашықтығын, әділдігін және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында түзету, сондай-ақ табысы аз отбасылардағы балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы енгізу міндетін қойды», – деді Б. Сапарбаев.

Көпбалалы отбасыларды қолдау 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде төленетін болады: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге. 6 қаңтарға 367 мың отбасыға жәрдемақы тағайындалып, 17 млрд теңге төленді.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру бөлігінде, «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» тетіктері енгізілді, Алматы қаласы қоныс аударушылардың шығу өңірлеріне және қоныс аударушыларды қабылдау өңірлеріне Ақмола және Қарағанды облыстары енгізілген.
Көпбалалы және табысы аз отбасылар үшін олардың кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыру мақсатында микрокредит беру шарттары жеңілдетілді. Оларға микрокредиттер жылдық 4% – дан аспайтын пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікті шарттармен берілетін болады. Бұдан басқа, халықтың барлық санаттары үшін мемлекеттік гранттардың бірыңғай мөлшері – 200 АЕК (530,2 мың теңге) белгіленген. Бұл ретте көпбалалы және табысы аз отбасы мүшелерінің алдын ала оқусыз грант алуға құқығы бар.
Денсаулық сақтау саласында 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама бекітілді, ол қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 73 жастан 75 жасқа дейін арттыруға, медициналық қызмет сапасын арттыруға, жеке инвестицияларды тартуға және материалдық-техникалық базаны жақсартуға бағытталған.
Қазіргі уақытта «СК-Фармация» медициналық мекемелерге жіберілген 221 миллиард теңге сомасына 88% дәрі-дәрмектер сатып алды.
МӘМС енгізу шеңберінде азаматтардың «сақтандырылуы» мәртебесін сәйкестендіру және медициналық қызметтерді бөлек есепке алу қамтамасыз етілген, базалық медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетіне енгізілген. 2020 жылы бір сақтандырылған адамға жұмсалатын шығыстардың 57,5% – ға (55 мыңнан 87 мың теңгеге дейін) өсуі күтілуде.
Білім беру саласында мұғалімдерге материалдық және материалдық емес ынталандыру көзделген, ерекше функцияларды болдырмайтын және мұғалімдердің құқықтарын кеңейтетін «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң қабылданды.
Сонымен қатар, білім беру сапасы мен мазмұнын жақсартуға, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамтуға, апатты және 3 ауысымды мектептер мәселелерін шешуге, қалалық және ауылдық жерлердегі оқыту сапасындағы алшақтықты 2 есеге қысқартуға бағытталған 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ауылдық жерлерде жоғары білімді қаржыландыру 2 есе, ғылым 7 есе өсті.
Өз кезегінде Біржан Нұрымбетов 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге, атаулы әлеуметтік көмек пен кепілдік берілген әлеуметтік топтама төлеуге 327 миллиард теңге көзделгенін айтты.

«2020 жылғы қаңтарда жәрдемақы төлеуге 17,7 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат кестеге сәйкес алушылардың шоттарына аударатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға аударылды. Көптеген азаматтарға жәрдемақы олардың банк карталарына түсті», – деп хабарлады ҚР Еңбекминінің басшысы.

Ол сондай-ақ көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыдан басқа үйде жұмыс істеу үшін де, өз ісін ашу үшін де кең мүмкіндіктер ұсынылатын атап өтті. Министр АӘК тағайындауға өтініш білдірген қазақстандықтар құжаттарды тапсыруға және жұмыспен қамту орталықтарында кезек құруға уақыттары жетпейді деп алаңдамауы керек деп атап өтті.

«Өткен жылдың соңында еліміздің барлық өңірлерінде желтоқсан айында АӘК төлемдері алдын-ала жүргізілді, оны азаматтар қаңтарда алуы керек еді. Енді осы айдың ішінде адамдар құжаттарды оңай тапсыра алады. АӘК тағайындау критерийіне сәйкес келетіндердің барлығы ақпан айында қаңтар айына төлемдер алады», – деп түсіндірді ол.

Сөз соңында ҚР Еңбекминінің басшысы табысы аз отбасылардың балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларды жеткізуді жергілікті атқарушы органдар пысықтағанын айтты. Мәселе барлық деңгейдегі әкімдердің бақылауында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар