Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көңіліміз көркейіп қалды - АРҚА АЖАРЫ

Көңіліміз көркейіп қалды

Биылғы жылдан бастап көп балалы отбасыларының балаларына жанұяның кірісіне қарамастан, мемлекеттік жәрдемақы берілетіні, отбасы үшін атаулы әлеуметтік көмек бөлек есептелетіні, балалар төлеміне кепілдік берілетіні көңілімізге қуаныш ұялатты.

Жұбайым екеуіміз көп балалы отбасында өскендіктен және оның үстіне көп балалы ата-ана болғандықтан болар, өзіміз сияқты отбастарының тұрмыс жағдайын жақсы түсінеміз. Әрине, нарық заманында бес баланы аяғына қою оңай шаруа емес. Өз басым мәдениет саласында қызмет етемін. Еңбекақым төмен. Оның есесін мал басын көбейтіп, оның өнімін базарда сату арқылы айырып жүрміз. Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білесің дейді халық даналығы. Үйдің кенжесі болған соң қарт ата-анам қолымда болды. Олар да немерелерінің өсуі үшін көп көмектесті.
Ұл-қызымыздың алды колледжде оқиды. Оларды да қаржы жағынан қолдау керек. Биылғы жылдан бастап жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары студенттерінің шәкірақылары 25 пайызға өсетіні көңілге қонады.
Мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндер үшін балалар тағамы, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері тегін ұсынылатыны, мектеп жасындағы балалар үшін ыстық тамақ, мектеп киімдері мен керек-жарақтарын сатып алу, жол жүру шығындарын өтеу, сондай-ақ, медициналық қызмет көрсету көзделіп отырғаны көп балалы отбасылары үшін әжептәуір көмек.
2020 жылға ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде белгіленді. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері, бұрынғыдай, отбасының әр мүшесі үшін орташа жан басына шаққандағы табыс пен отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы арасындағы айырманы құрайды. Аталмыш көмек табысы аз отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға төленетіні көңілімізді көтерді. Өйткені, әр ата-ана өздерінің ұл-қыздарының болашағынан көп үміт күтеді.
Амантай ҚАСАЙЫНОВ,
Дөңгілағаш ауылы клубының меңгерушісі.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар