«Қазақстанның киелі географиясы» кіші жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қасиетті нысандар ұлт игілігіне қызмет ететін орындар болып табылады.
Музейлер мен тарихи-мәдени мұраны пайдалануды қорғау орталығының ғылыми қызметкерлерінің жобаны жүзеге асырудағы оң тәжірибесі атап өтілді. Осындай игі істердің арқасында 200-ден астам нысан Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы облысымен қатар, Қазақстанның сакралды географиясы энциклопедиясының бірінші томына, Ақмола өңірінің 10 нысаны «Қазақстанның 100 киелі жері» жалпыұлттық тізіміне енді, сондай-ақ, өңірлік маңызы бар сакралды география картасына 33 нысан енді.
2019 жылы облыс өңірлерінен қосымша материалдар жинау жүзеге асырылды және нәтижесінде 1 объект «Тоғыз әулие» (Астрахан ауданы) біздің басқарманың ұсынуымен жалпыұлттық маңызы бар тізімге және 3 объект өңірлік маңызы бар сакралды объектілер тізіміне енді. Олар Аңғал батырдың жерленген орны (Біржан сал ауданы), Шамай батырдың жерленген орны (Сандықтау ауданы) және Қабыл батырдың жерленген орны (Жарқайың ауданы).