«Nurnazym» серіктестігінің теологтары халық арасында дiни сауаттылықты арттыру, қазақстандық құндылықтар мен салт дәстүрлердi насихаттау, дiни экстремизм мен терiс ағымдардың алдын алу жөнінде жұртшылықпен кездесулер өткізді.
Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп пен И.Құтпанұлы атындағы орта мектептiң оқушыларымен, сондай-ақ, орталық аурухананың, аудандық полиция бөлiмiнiң, 6636 әскери бөлiмiнiң, «Zeta» серіктестігінің қызметкерлерiмен кездесулер және Нұралы би мешiтiнде жамағатпен диалогтық алаң өткiзiлдi.
Іс-шаралар барысында аудан тұрғындары теологтарға дiн саласындағы өзектi сауалдарын қойып, терiс дiни ағымдардың дамуының қауiптiлiгi туралы, қазақстандық және шетелдiк дiни экстремизммен күрес тәжiрибесi жөнiнде ақпарат алмасты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.