Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өткен жыл Көкшетау қаласы үшін сәтті жыл болды - АРҚА АЖАРЫ

Өткен жыл Көкшетау қаласы үшін сәтті жыл болды

Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смаилов облыс орталығының өткен жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері жөнінде баяндап берді.
Қаланың өнеркәсіп секторы 94,5 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті,–деген қала әкімі есепті кезең қорытындысы бойынша «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы, «Асыл-Арман», «ЕНКИ», «Ақсай нан Көкшетау» нан-тоқаш комбинаты», «Регионстрой» серіктестіктерінде өндіріс көлемінің тұрақты өсімі қамтамасыз етілгенін атап өтті.
–Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 5,1 миллиард теңгені құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 36,4 миллиард теңге деңгейінде. Бұл көрсеткіш жыл қорытындысының болжамы бойынша 41,2 миллиард теңгені құрамақшы. Құрылыс жұмысының көлемі 19,1 миллиард теңгені құрады. Есепті кезеңде 164,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Шағын және орта бизнес саласында 15 мың 268 кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Шағын бизнес субъектілерінің жұмысынан бюджетке 14,1 миллиард теңге түсті. Бұл көрсеткіш 2018 жылғы деңгейден 32 пайыз артық. Өткен жылы 618 жаңа жұмыс орыны ашылды. Тауар мен қызметті тұтыну бағасының индексі 100,7 пайызды құрады. Алдағы айлармен салыстырғанда тауарлардың азық-түлік тобында нан бағасының 4-8 теңгеге өсуі тіркелді. Сондай-ақ, өңделген сүт пен қаймақтың, май мен еттің, жұмыртқа мен шайдың бағасы өсті. Ал қанттың, пияз бен сәбіздің бағасы арзандады. Азық-түлік еместауарлар тобының бағасы өткен айлар деңгейінде қалды. Дәрі-дәрмектің бағасы да біршама өскен. Ауыз судың бағасы 3,82 теңгеге, дизель отыны 8 теңгеге өсті. Сұйық газдың бағасы арзандады,–деді Амангелді Смайлов. Экономиканың нақты секторында 2062 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту қызметінің ықпалымен 2298 адам жұмысқа орналастырылды. Оның 1861-і тұрақты жұмыс істейді. «Еңбек» бағдарламасы аясында 305 адам оқуға жіберілді. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясында 61 адам шағын несие алды. Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін 75 грант берілді. Үшінші бағыт аясында әлеуметтік жұмыс орнына 78 адам, жастар тәжірибесіне 142 адам, қоғамдық жұмысқа 217 адам жіберілді.
–Білім саласын дамытудың мақсатты индикаторларының бірі үштен алты жасқа дейінгібалаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен толық қамту болып табылады. Бұл көрсеткіш есептік кезеңде 100 пайызды құрады,–деген қала әкімі журналистер қойған сауалдарға жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар