Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «Жыл заңгері» атанды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «Жыл заңгері» атанды

2019 жылды қорытындылай келе, «Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен «Qazaquni.kz» ұлттық порталы 2019 жылғы «Жыл адамдарын» саралап, жүзден жүйрік шыққан үздіктерді анықтады.

Еліміздің дамуына еселі үлестерін қосып, өз салалары бойынша жақсы жетістіктерге жеткен ел азаматтарының арасынан шыққан үздіктерді атап өту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан осы жоба аясында оқырмандар қалаған тұлғасын таңдаған болатын. Дауыс беру телефон сауалы бойынша смс, электронды пошта және әлеуметтік желі арқылы өткізіліп, арнайы құрылған сарапшылар алқасы үздіктерді анықтады.
«Жыл адамы – 2019» байқауының 21 номинация бойынша анықталған 24 жеңімпаздарының ішінде Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров те болғандығын атап өткіміз келеді. Ол «Жыл заңгері» номинациясы бойынша үздік болып танылды.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміровтың 2019 жылы «Қазақ үні» газетінде жарық көрген «Мемлекеттік тілді меңгеру – еліміздің әрбір азаматының міндеті» атты мақаласы қоғам тарапынан үлкен қызығушылық туғызған еді. Қазіргі күні сот саласында мемлекеттік тілдің қолдану деңгейі өте төмен. Досжан Әміров өз мақаласында сот саласының қазақ тіліне көшу керектігін атап өтіп, оның бірнеше нақты жолдарын көрсеткен болатын. Мақалада, әсіресе, сот істерін қарауда мемлекеттік тілдің үлесін арттыру мәселесі жан-жақты қозғалды. Ақмола облыстық соты төрағасының «Қазақ үні» газеті мен «Qazaquni.kz» ұлттық порталы қолға алған жобада көпшілік тарапынан жоғары бағаға ие болып, «Жылдың үздік заңгері» атануына оның мақаласында көтерілген мәселенің маңыздылығы себеп болған еді.
Досжан Сарманқұлұлы – тәуелсіз еліміздің сот жүйесіне елеулі еңбек сіңіріп келе жатқан қайраткерлердің бірі. Досжан Әміров, әсіресе, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, оның сот жүйесіндегі қолданыс аясын кеңейту бағытында тынымсыз еңбектеніп жүрген төрағалардың бірі әрі бірегейі. Оның тілге қатысты мақалалары мен сұхбаттары ақпарат құралдарында жиі жарияланып жүр.
«Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен «Qazaquni.kz» ұлттық порталының таңдауымен Жыл жазушысы – Роллан Сейсенбаев пен Ырысбек Дәбей, Жыл ақыны – Байбота Қошым-Ноғай, Жыл саясаткері – Өмірзақ Шөкеев, Жыл депутаты – Кәрібай Мұсырман, Жыл министрі – ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов, Жыл әкімі – Ерлан Айтаханов, Жыл ректоры – Рәбиға Қуатбекова, Жыл қаржыгері – Еркін Етекбаева, Жыл қайраткері – Ислам Әбіш пен Серік Төкиев, Жыл режиссері – Талғат Теменов, Жыл актері – Альмира Тұрсын, Жыл сазгері – Рахат-Би Әбдісағын, Жыл әншісі – Ержан Максим, Жыл суретшісі – Арыстанбек Шалбаев, Жыл ұстазы – Әлия Ахметова, Жыл журналисі – Нұргелді Әбдіғани, Жылдың тіл қайраткері – Қазыбек Иса, Жыл дәрігері – Бауыржан Рақышев, Жыл спортшысы – Нұрқожа Қайпанов пен Бекат Нұрдәулетов, Жыл диаспора үздігі – Владислав Тен анықталды.
Жылдың басты оқиғасы болып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатуы, Қазақстанның жаңа Президентінің сайлануы, Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің құрылуы аталды.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар