Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Парламент депутаттары – ел ішінде - АРҚА АЖАРЫ

Парламент депутаттары – ел ішінде

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов жұмыс сапарымен Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласында болып, бірқатар білім және әлеуметтік қорғау нысандарын аралады.

Щучинск қаласындағы №2 орта мектепте болған депутат мектеп ұжымымен және директорларымен кездесіп, «Педагог мәртебесі туралы» заң бекітілгеннен кейін қандай өзгерістер күтетіні туралы әңгімелесті, оның еңбекақыны көтеру, қосымша ақы кешенін енгізу, мұғалімдерді қағазбастылықтан арылту, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тармақтарын атап өтті.
Ұстаздардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Мектеп директоры И.Мельник мектептің хал-жағдайымен таныстырып, өзекті мәселелері туралы айтып өтті. №9 мектеп гимназиясының директоры Б.Күшекова:
– Қазіргі кезде мектептерде магистратурада оқып келген мамандар санын көбейту қолға алынып жатыр, дегенмен, білім ордаларында ғылыммен айналысуға жабдықталған кабинеттер аз. Осы жағы қарастырылса екен, – деді. Щучинск қаласындағы №1 мектеп гимназиясының директоры Л.Ткачкова мұғалімдердің қағазбастылықтан әлі де болса арыла алмай жүргенін айтып, мәселе қозғады. Сонымен бірге, кездесуде мектептерде күнделікті он балдық бағалау жүйесін енгізу қажеттігі, заңнамадағы өзгерістердің жекеменшік бала бақшаларға әсері қандай болатындығы туралы талқыланды. Бір ауысымда оқытатын мектептердің оқушыларында түстен кейін ғылыми жұмыспен айналысуға, түрлі үйірмелерге баруға үлкен мүмкіндік туғандығы да аталып өтілді.
– Мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін педагогикалық жоғары оқу орындарының мәртебесін де көтеруіміз қажет. Менің
ойымша ұстаздар туралы жақсы фильмдер түсірілсе, мұғалім еңбегі насихатталып жатса, бұл да біршама оң әсер етеді, – деді өз кезегінде Сенат депутаты.
Сонымен қатар, Бақытжан Жұмағұлов Щучинсктегі жоғары техникалық колледж бен жоғары педагогикалық колледжге барып, оқу орындарының техникалық жабдықталуымен, жалпы білім деңгейімен танысып өтті. Бұдан кейін Бурабай аудандық жұмыспен қамту орталығының, халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы мен жағдайын көріп шықты. Сенат депутатының облысымызға сапары кезінде облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова бірге болды.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.
Бурабай ауданы

Жарқайың ауданы еліміздің астықты өлкелерінің бірі. Жалпы алғанда 600 мың гектардан астам егістік алқабы бар өңір үшін ауыл шаруашылығы дамуының маңызы зор.

Осыған байланысты Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Теміржанов аудан әкімі Мұрат Балпанмен бірге Державин қаласының «Агропромтехника» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшылары- мен кездесті.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселері талқыланды. «Акбидай» ЖШС басшысы Г.Люлькович кадр тапшылығын тілге тиек етсе,
«ОСАНА-Агро» ЖШС басшысы И.Пугачев ауылдарда мамандарға үй салу мәселесі бойынша кредиттер бөлу туралы мәселені көтерді. Ауыл шаруашылығы ұйым басшыларын тағы бір мазалайтын сұрақ ол субсидиялау, осы сұрақты «Зернотранс АЕ» ЖШС В.Виничук көтерді. Мұрат Баритұлы барлық сұрақтарға түсіндірме берді.
Бұдан кейін Мәжіліс депутаты М.Теміржанов «Хлебная Нива» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Сол күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Уәлихан ауылының тұрғыны А.Ахметов Петропавл-Жезқаған республикалық маңызы бар жолының Уәлихан-Державин жоларалығын жөндеу мәселесін көтерсе, К.Дубровин Костычев ауылындағы мобильді байланыс жоқтығын айтып, тиісті қолдау көрсетуді сұрады.
Сондай-ақ, Мұрат Теміржанұлы
«Nur Otan» партиясы жүзеге асырып жатқан «Халыққа көмек» жобасының аясында тұрғын үй кілтін алған көп балалы ана Ирина Камышованың пәтерінде болып, отбасының тұрмыс-тіршілігімен танысты.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Жарқайың ауданы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әлімжанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 гимназия ұжымымен кездесті.

Нұрлан Баянғалиұлы білім алып, өзі түлеп ұшқан мектепке 100 жыл толып отыр. Мектеп ұжымы халық қалаулысын ыстық ықыласпен қарсы алып, мектептің тарихымен таныстырды. Нұрлан Әлімжанов мектептің музейінде болып, білім нәрімен сусындатып келе жатқан мектептің музейін аралап, тарихымен танысып, қолтаңбасын қалдырды. Одан кейін мәжіліс залында өткен кездесуге жоғары сынып оқушылары, ұстаздар қауымы қатысып, елдің әлеуметтік мәдени саласына қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Өз кезегінде халық қалаулысы Нұрлан Әлімжанов мектеп кітапханасына айтыскер ақын, жазушы, жыршы-манасшы Баянғали Әлімжановтың тарихи тағылымы мол кітаптарын сыйлап, ән шашуын арнады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әлімжанов «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға жазылғандардың дені әйел азаматтардың зейнеткерлік жасын төмендету, жалғыз қалған көп балалы аналардың материалдық жағдайын жақсарту турасында сұрақ қойды.
Сапар соңында депутат «Көкше» телеарнасының ұжымымен кездесті. Кездесуге қатысқан журналистер қауымы халық қалаулысына ізгі тілектерін арнап, жұмысына сәттілік тіледі. Төртінші билікке жататын журналистер қауымы не мемлекеттік қызметке, не бюджеттік сала қызметкерінің қатарына жатпайды. Сондықтан, пәтер кезегіне тұра алмай, арендалық тұрғын үй алуға мүмкіндік жоқ. Көкшетаулық журналистер осы мәселені көтерді. Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов облыстық телеарнаның эфирінен шығатын «Әлеумет» саяси-әлеуметтік бағдарламасының қонағы болып, сұрақтарға жауап берді.
Динара Дүйсен,
«Nur Otan» партиясы
Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Ақмола облысында болған жұмыс сапарында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ақмолалық кәсіпкерлермен кездесті.

«Атамекен» Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбековтың төрағалығымен өткен кездесу барысында мәжіліс депутаты жер мәселесіне байланысты түйіні шешілмей келе жатқан көптеген жәйттерге қанық болды. Кәсіпкерлер де өз кезегінде өздерін мазалаған көптеген мәселелерді ортаға салып, пікір алмасты.
Халық қалаулысымен болған кездесуге прокуратура, антимонополиялық комитет, қоғамдық бірлестіктер, коммуналдық кәсіпорындар, кәсіпкерлер және монополиялық мекемелер өкілдері қатысты.
Меруерт Айтқажықызы кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін өзінің қатаң бақылауына алып, тиісті орындармен хабарласып, шешуге ниет білдірді. Олармен болған кездесуде халық қалаулысы елімізде бизнестің дамуына үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын да барынша жеткізді.
Кәсіпкерлер де Парламент өкілінің өздерімен еркін әңгіме құрып, пікір алмасқанына ризашылықтарын білдіріп, естелік суретке түсті.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар