Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жәрдемақы – отбасының тұрақты кіріс көзі - АРҚА АЖАРЫ

Жәрдемақы – отбасының тұрақты кіріс көзі

Ежелден қазақ халқы бала тәрбиесіне, ұрпақтар сабақтастығына ерекше мән берген халық. Біздің жас кезімізде көп балалы отбасылар қатары көп еді. Бір үйде кем дегенде алты-жеті баладан болатын.

Біз жолдасым екеуіміз он баланы тәрбиелеп өсірдік. Бұл күнде әрқайсысы бір-бір шаңырақ. Қазіргі таңда жаңадан үй болған жастарға көп балалы болу – байлықтың бастауы деп ақыл қоса бастасаңыз, әлеуметтік жағдайды желеу қылатыны бар. Жасыратыны жоқ, балалы-шағалы адамға қалада тұрып, күн көрудің өзі оңай-оспақ шаруа емес.
Соңғы уақытта Үкімет тарапынан көп балалы аналарға зор қолдау көрсетіліп келеді. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау 2020 жылдан бастап өзгерді. Мәселен, 4 баласы бар отбасыларға – 42500, 5 баласы бар отбасыларға – 53125, 6 баласы бар отбасыларға – 63750, 7 баласы бар отбасыларға – 73375 теңге көмек тағайындалады. Сонымен қатар, көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында көп балалы аналарға өз бизнесін ашу үшін жеңілдікпен микро кредит және қайтарымсыз гранттар беріледі екен.
Сонымен қатар, микрокредит мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту, үстемақының номиналды жарнасын төмендету, тұрып жатқан жеріне қарамастан берілетін микрокредит сомасы бойынша шектеулерді алып тастау, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту бойынша нысаналы индикаторын бекіту (микрокредит, грант беру), бұған қоса, аз қамтылған отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет қарастырылған. Міне, осының барлығы мемлекет тарапынан қарапайым халыққа жасалып жатқан қамқорлық пен жанашырлық деп ұғуымыз керек. Қалай дегенмен де, отбасы, бала-шағаны ешбір байлықпен өлшеуге болмайды. Ол теңдессіз байлық екендігі даусыз ғой. Халық алдағы уақытта Үкіметтің тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктерді оңтайлы жүзеге асыра біледі деп ойлаймыз. Ал, ол үшін барлық жағдай жасалған.

Рәш ХАМИТОВА,
«Алтын алқа» иегері.
Нұр-Сұлтан қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар