Қазақстан Республикасының Президеті Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуге резервке енген 300 адам шақырылды.
Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Президенттік кадр резервін құру туралы бастама өзінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі болғанын атап өтті.
– Сіздердің әрқайсысыңыз жоғары кәсіби біліктіліктеріңізді көрсетіп, мемлекет игілігі үшін адал қызмет етуге ниетті екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сондықтан сіздермен кездесіп, еліміздегі өзекті мәселелер бо-йынша пікірлеріңізді тыңдап, кадр резервіне енген азаматтардың алдында тұрған міндеттер жөнінде өз ойымды білдіру үшін баршаңызды «Ақордаға» арнайы шақырып отырмын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.