Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атбасар туралы 7 қызықты дерек - АРҚА АЖАРЫ

Атбасар туралы 7 қызықты дерек

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Атбасар қаласы астаналық облыстың ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қатар дамыған іргелі ауданының орталығы. Қала атауына байланысты әртүрлі пікірлер айтылып жүр, соның ішіндегі көкейге қонымдысы өткен ғасырлардағы Атбасарда өтетін дәстүрлі халықаралық жәрмеңкеге байланысты «Ат базары» деген атаудан алынған деген пікір.

Атбасар қаласының іргетасы мұрағат деректері бойынша 1845 жылы қаланды дегенмен, шын мәнінде тарихы тереңге кетеді. Бұл өңірден көптеген атақты адамдар шыққан.
Атбасар туралы алғашқы тарихи жазба дерек XVI ғасырда Масуд ибн Кухистанидің жазған «Тарих-и Әбілхайыр хан» деген еңбегінде кездеседі. Атбасар маңында сол кезде Әбілхайыр хан мен Мұстафа хан Шәйбанидың арасында үлкен соғыс болады.
1845 жылы маусым айында Жабай өзенінің жағасынан бекініс салып жатқан орыс патшасының сарбаздары алғашқы жалақыларын алғандығы туралы жазбаша құжат сақталған. Атбасардың іргетасының қалануын тарихшылар осы кезден алады.
Атбасар Лондон қаласы орналасқан 51-ші солтүстік белдеуде орналасқан. Бірақ Лондоннан ерекшелігі, теңіз жағалауында болмағандықтан, мұнда ауа райы құрғақ және суық.
Қазақстандағы ең төменгі температура 1893 жылы қаңтар айында Атбасар қаласында тіркелген. Сол жылы мұнда – 57 градус аяз болған.
Берлин қаласындағы Трептов саябағында орнатылған атақты азаттық әкелген жауынгер ескерткішіндегі жауынгер бейнесін атбасарлық Иван Степанович Одарченко сомдағанын біреу білсе, біреу білмейді.
Атбасар өңірінен Ұлы Отан соғысына қатысқан 4 жауынгер Кеңестер Одағының Батыры атанған. Олар: Ақан Құрманов, Никита Карацупа, Иван Дьяченко және Николай Виденеев.
Атбасар қаласында 1915 жылы қазақ тарихын көркем тілмен жазып, әлемге танытқан «Көшпенділер» және «Алтын Орда» трилогияларының авторы жазушы Ілияс Есенберлин дүниеге келген. Қазір қалада жазушының мұражайы және орталық алаңда еңселі ескерткіші бар.
Дидар Ыбыраев.
Атбасар қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар